Видео монтаждау бағдарламалары

Видео монтаждау бағдарламалары
Фото: 3ddd.ru

Видеоны монтаждау кез келген адамның қолынан келеді. Ұялы телефонмен не арнайы камерамен түсірілген бейнежазбаны өңдеу, қию, титр жазу, әуенмен әрлеу аса қиын іс емес. Тек талпыныс пен аздаған еңбек болса жеткілікті. Сонымен бірге компьютерде видео монтаждауға арналған бағдарлама болса, іс бітті деген сөз. Қандай видео монтаждау бағдарламалары бар?

Киностудия Windows немесе оны көбісі бұрынғы атауымен Movie Maker деп атайды. Бұл  бірнеше уақыттан бері сыннан өтіп, шынында пайдалы екеніне көпшілік көзі жеткен бағдарлама. Windows 7, 8 және 10 қолданушылары оны тегін жүктей алады. Бағдарлама видео монтаждау ісіне жаңадан кіріскендерге де аса қиындық туғызбайды, тілі түсінікті.

VirtualDub – видео монтаждауға арналған бірегей бағдарлама. Windows ОЖ барлық түріне жарамды, әрі тегін жүктеу мүмкіндігі бар. Жұмыс қарқыны жылдам жүреді. 

WOMBLE MPEG VIDEO WIZARD видео монтаждаудан орташа деңгейге жеткендерге фильм түсіріп, өңдеп шығаруға көмектеседі. Атауында MPEG деп тұрғанымен, AVI, WMV, MP4, VOB форматындағы файлдармен де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Pinnacle Studio. 1500-ден астам эффект, алты жолақта жұмыс істеу, iPhone-нан VFR-видеоге көшіру деген секілді кереметтің бәрін осы бағдарламадан табасыз. 

Сонымен қатар Avidemux, ZS4 Video Editor, Sony Vegas Pro, VideoPad Video Editor, Movavi Video Editor, Lightworks, Adobe Premiere Pro, VSDC Free Video Editor, Edius секілді бағдарламалар да жақсы жұмыс істейді.

@. @assel_assanova