Үйге арналған 3D принтер

XXI ғасыр технологиялар заманы деп бекер айтылмаса керек. Қазіргі таңда ғылыми төңкерістер кез келген адамды оңай таңғалдыра алмайды. Осы уақытқа дейін өздеріңізге таныс 3D принтері тек өндірістік мақсатта ғана пайдалануға болады десек, енді лазерлі 3D принтерін үй жағдайында да пайдалану жүзеге асты.

Глоуфордж (Glowforge) лазерлі 3D принтері өзіне тән қасиеттерінің арқасында заттарға пішін беру арқылы оларды басып шығаруға қабілетті. Ол тіпті кейбір печенье секілді тағамдарды да басып шығара алады екен. Ол қазіргі кезде нарықта $2395 бағаланып отыр.