Тим Кук: «Келесі ұрпақ қолма-қол төлеуді ұмытады»

Тим Кук: «Келесі ұрпақ қолма-қол төлеуді ұмытады»
Фото: appleinsider.ru

Күні кеше Apple басшысы Тим Кук Ұлыбританияға барып, елдің қаржы министрімен кездесті. Кук мырза өзінің іс-сапары барысында Дублиндегі Тринити колледжінің студенттеріне лекция оқып, Apple компаниясының технологиялық даму идеяларымен бөлісті. Ол кездесу барысында келесі ұрпақтың қолма-қол төлеуді мүлде ұмытатынын мәлімдеді.

Купертинолық компания Apple Pay төлем жүйесіне баса назар аударып жатқаны белгілі. Сол себепті де Кук мырза өзінің болжамдарын ашық айтып отыр. Әйткенмен де, онлайн төлем жүйесі қарқын алып келе жатқан болса да, оның қолма-қол ақша арқылы төлеу жүйесін толықтай ауыстыруына біршама уақыт керек.

Қазіргі таңда дамыған елдерде төлем жүргізу операцияларының 50%-ы онлайн жүзеге асырылады.  Ал америкалық компания нарықтағы гаджеттерінің басымдылығын пайдалана отырып, жаңа төлем жүйесінің беделін арттырмақ.

Ж. Өрісбай