Apple vs. Samsung. Жеңімпаз – Huawei

Apple vs. Samsung. Жеңімпаз – Huawei
Фото: appleinsider.ru

АҚШ пен Оңтүстік Кореяда негізі қаланған екі технология алыбы көп жылдан бері бір-біріне бәсекелестік танытып келеді. Үнемі нарықтағы жетістіктерін ескеріп, мол нәтиже көрсетуге тырысады. Кейде екі компания арасында патент соғысы да болып жататынын белгілі. Дегенмен Apple мен  Samsung өзге компаниялардың да бәсекелеске қабілетті бола бастағанын байқамай жатқан сыңайлы.

IDC компаниясының зерттеушілері 2015 жылдың үшінші кварталына қатысты смартфондар нарығы үлескерлерінің статистикасын жариялады. Салыстыру кезінде Apple, Samsung, Lenovo және Huawei компанияларының нарықтағы жетістіктері арнайы сарапқа түскен.

Нарықтағы бәсекелестік қарқыны өсіп келе жатса да, Apple корпорациясы өзінің үлесімен бөлісуге асықпайды. Сарапшылар купертинолық компанияның нарықтағы белсенділігі ағымдағы жылы төмендейтінін болжаған болатын. Ал Apple биыл 2014 жылға қарағанда 10 миллион девайсқа көп сата алды. Ал Samsung компаниясының пайыздық көрсеткіші біршама төмендегенімен, смартфондар сериясын ұлғайтты.

Бастысы бұл емес. Статистикалық мәліметтерді көрсететін кестеге назар аударсақ, соңғы бір жылдағы жетістік көрсеткіші Huawei компаниясында айтарлықтай өскен. Мұндай көрсеткіштерімен Lenovo және Xiaomi компанияларын да ерекше атап өтуге болады.

Huawei компаниясы соңғы кварталда 26,5 миллион смартфон сатып, нарықтағы пайыздағы үлесін 5 %-дан 7,5 %-ға дейін көтере алған. Қытайдың технологиялық концерні бір жылда 60 %-ға өсіп, Lenovo, Xiaomi сынды отандық бақталастарын артта қалдырған.

Егер өсу үдеуі осы күйде сақталса, Huawei алдағы бес жылда Apple корпорациясының көрсеткішімен теңеседі. Дегенмен ол үшін компанияның үдемелелі дамуы мен өсуін қаматамасыз ету керек. 2000-жылдардың басында Nokia бренді қарқын алған болатын. Ал қазір финляндиялық компания өз құнын өзі ақтай алмай, банкротқа ұшырады.

Ж. Өрісбай