iPhone смартфондарының ешбір нұсқасы суға төзімді емес (видео)

iPhone смартфондарының ешбір нұсқасы суға төзімді емес (видео)
Фото: www.forbes.com

Смартфон шығаратын компаниялар қазіргі таңда өнімнің жан-жақты берік болуына аса мән беріп келеді. Мобильді девайс техникалық мүмкіндігіне қоса, су мен шаң-тозаңға, суыққа немесе ыстыққа төзімді болуы тиіс.

Көптеген Android-смартфондардың корпусы су өткізбейді. Айта кетсек, Samsung, Sony, LG компаниялары бұл салада сүбелі нәтижеге жетіп үлгерген. Ал Apple корпорациясының смартфондары әзірге мұндай қасиетке ие емес. Зак Старлей есімді видео блогер өзі өткізген сынақтан кейін осындай шешімге келіп отыр.

Техникалық құрылғылардың мүмкіндіктерін салыстыруға құмар блогер Apple шығарған смартфондардың барлық моделін жинап, олардың суға төзімділігін анықтаған. Ал қай смартфон төзімдірек екенін төмендегі видеодан тамашалай аласыздар.

Ж. Өрісбай