Тим Куктің өмірлік принциптері

Тим Куктің өмірлік принциптері
Фото: gigaom.com

Тим Кук Apple корпорациясының қазіргі басшысы, білікті қаржы маманы әрі көптің құрметіне ие болған тұлға. Business Insider ресурсы Тимнің өмірлік принциптерінен сыр шертетін пікірлерін жинады.

• «Біз музыкалық плеерді немесе смартфонды алғаш рет шығарған жоқпыз. Біз тіпті планшетті бірінші болып нарықта сатпадық. Дегенмен, оның дамуына үлкен үлес қостық, шынайы ақылды сағатты құрастырдық. Бұл бәрінен де маңызды». 

• «Тағдыр тек бір адамға күліп қарай беруі қатып қалған қағида емес. Бір күні сізге де бұрылып қарайтынын ұмытпаңыз. Сіздің де кезегіңіз келетінін үнемі есте сақтаңыз».

• «Өз мүмкіндігіңді ескеріп, оны үнемі дамытуға тырысу керек». 

• «Ешқашан өз өміріңізді бос деп бағаламаңыз. Себебі бұл өмірді толықтыруға әрбір адам құқылы». 

• «Кейбір адамдар өзгерістегі инновацияны көре алады. Ал біз оған басқа қырынан қарап, жақсартуға тырысамыз. Бар болғаны осы». 

• «Технология әлемінде жетістікке жету факторы белгілі бір адами принциптерден тұрады. Ол тауардың сатылымы немесе сілтеменің көбірек басылуымен өлшенбейді. Ал қазіргі әлем сандық көрсеткіштерге тәуелді болып қалған. Дегенмен Стив оған мүлде қызыққан емес. Ол тек өнімнің сапасына аса мән берген». 

• «Оған дәріс оқуға рұқсат бермеген. Дегенмен Стив Джобс мен білетін ұстаздардың барлығынан артық білген. Ол өзінің жұмысқа деген талпынысты арттыратын әдістерімен ерекшеленген. Ол – кемелденген тұлға». 

• «Мен белгілі бір құпияны сақтау адам құқығының негізі деп санаймын. Сондықтан да өнімнің жеке ақпараттарға қатысты қауіпсіздігін барынша сапалы етуге тырысамыз». 

• «Өмірде кейде өзіңе сенімді болмай, ішкі таңдауыңның орайына бой алдырасың. Менің интуициям маңызды мәселелердің шешімін қарастырған кезде негізгі көмекшіме айналады»

Ал сіз үшін Тим Куктің басты артықшылығы неде? Ол Apple басшылығына келгеннен бері не өзгерді?

Ж. Өрісбай