Apple компьютері 17 жылда қалай өзгерді?

Apple компьютері 17 жылда қалай өзгерді?
Фото: 1ms.net

Жаңа iMac сатылымға шыққаннан кейін Apple компьютер нарығындағы жетістігін салыстыру үшін ресми сайтында арнайы веб-бет ашты. Купертинолық компания 1998 жылы құрастырылған алғашқы компьютерін енді нарыққа шыққан оның жаңа үлгісімен салыстырды.

iMac компьютерінің жаңартылған Retina-дисплейі 14 миллион пиксельге көп. Ал компьютердің графикасы 62 мың есе жылдам жұмыс істейді. iMac алғашқы аналогынан 366 есеге қуатты, ал оперативті жады 1000 есеге көп. Сонымен қатар, қатты дискке 750 есе көп ақпарат сыяды.

Ең алғашқы iMac 233 МГц жиілікте жұмыс істейтін PowerPC G3 процессорымен қамтамасыз етілген. Ал оперативті жады 32 мегабайт болса, қатты дискі небәрі 4 ГБ көлемді құраған. Одан бөлек, компьютердің 15 дюймді дисплейі 1024×768 пиксель мүмкіндігіне ие болған.

1998 жылы құрастырылған iMac интернетте жұмыс істеуге негізделген еді. Сондықтан Ethernet деп аталған модемді инфрақызыл портқа (ИК порт) бейімделеді. Ақпарат жүктеу үшін қолданылатын дисктерді қондыру үшін арнайы қосалқы функциямен жабдықталады.

Айта кетсек, бірінші iMac Стив Джобстың Apple корпорациясына қайтып келгеннен кейін шыққан алғашқы компьютер еді.

Ж. Өрісбай