Болашақта көліктер әмбебап үлгіде болады (видео)

Болашақта көліктер әмбебап үлгіде болады (видео)
Фото: www.yahoo.com

Қазіргі таңда қолданылатын автомобильдердің негізгі құрылымдық концепті көлік өндірісі қалыптасқаннан бері өзгермеген. Оның ішкі функциясы ғана инновациялық технологиямен дамып келеді. Ал мамандардың айтуынша, болашақта қолданылуы мүмкін көліктер әмбебап құрылымға ие болуы керек. Нақтылап айтсақ, Күн батареясымен қозғалып, негізгі пішінін өзгерте алатын және ұшу мүмкіндігі қаралған көлік болуы тиіс. Жапондар осы сынды әмбебап көліктің прототипін жасады.

Chiba жапондық технология институты Future Robotics Technology Centre бөлімінің мамандары болашақта қолданылатын көліктердің концепті мен прототиптерін дайындау саласында маманданған. Жапондардың кезекті көлік аналогы Halluc IIx роботының екінші моделі болып отыр. Оның бірінші нұсқасы 2007 жылы таныстырылған.

Құрастырушылардың мәлімдеуінше, болашақта көліктер жол тораптарына икемді болуы тиіс. Сол себепті Halluc IIx теңіз шаяны сынды кейіпте құрастылырған. Робот-көлік сегіз аяғының көмегімен кез келген бағытқа ауысып, қозғала алады. 

Ж. Өрісбай