Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Ғалымдар ұзақ өмірдің сырын ашып көреді

Ғалымдар ұзақ өмірдің сырын ашып көреді

Ғалымдар ұзақ өмірдің сырын ашып көреді

Америкадағы X-Prize қоры ұзақ өмірдің сырын тапқан ғалымға 10 миллион доллар сыйақы уәде етті. Бұл туралы BBC News хабарлады.

2013 жылдың қыркүйегінде басталатын конкурсқа әлемнің барлық ғалымдары шақырылып отыр. Сайыс ережесі бойынша, зерттеушілер 30 күннің ішінде әлемдегі ұзақ өмір сүрген адамдардың генетикалық кодын тексеріп, қорытынды шығаруы керек. Сонымен қатар әр геннің анализіне қажет қаражат 1 мың доллардан аспауы керек, делінген таратылған ақпаратта. 

Ұйымдастырушылар 100 жасқа келген 100 адамның генетикалық материалын алып үлгеріп, дайындап отыр. Генетиктердің айтуынша, ұзақ өмір сүрушілердің рак, жүрек ауруына ұшырамай, аман-сау тірлік қылуы гендерінің ерекшелігіне тікелей байланысты.

Сайысқа қатысуға ниет білдіргендер 2013 жылдың мамыр айына дейін өтініштерін бере алады. Айта кетелік, сайысқа алғаш болып Калифорниядағы  Life Technologies корпорациясының бір топ ғалымдары тіркелген. Джонатан Ротбергтің жетекшілігіндегі генетиктер конкурстың адамзат ғылымына тигізер үлесі көп екендігін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

X-Prize қоры бұған дейін де түрлі инновациялық жобаларды қаржыландыруымен көзге түсіп келе жатыр. Аталған қор гендік инженериядан ғарышқа дейінгі ғылым салаларындағы жобаларға қолдау көрсету ниетімен ашылған болатын

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: twitblog.ru

1636 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 25 шілде 2012, 16:07
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...