Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Америкалықтар ойлап тапқан өрт сөндіргіш

Америкалықтар ойлап тапқан өрт сөндіргіш

Америкалықтар ойлап тапқан өрт сөндіргіш

Өрт сөндіру қызметінің дәрменсіздігі жайлы енді әңгіме айту қиынға соғатын шығар. АҚШ-тың қорғанысқа байланысты ғылыми-зерттеу агенттігі (DARPA) кез келген тұтанған отты өшіре алатын құрылғыны жарыққа шығарды. Қазіргі таңда  осы бір құрылғының құдірет-күшін арттыру жолында америкалықтар жанын салуда...

"Кенеттен төнген өрт" атты жобаның аясында ұйымдастылып келген шара 2011 жылы дүниеге келген болатын. Бірақ, америкалық зерттеушілер жаңа құрылғыға сынақ жасауды ерте деп санап, осы күнге дейін жасырын ұстап келген-ді. Енді міне көпшіліктің назарына ұсынылып отырылған құрылғының барлық қасиеттері сынақ барысында көрсетілуде. 

Жаңа құрылғы дыбыстық толқын арқылы кез келген өртті сөндіре алады. Лапылдап тұрған өрттің барлық қасиетін жоққа шығару арқылы (өз бағытынан айнытып әрі ыстығын қайтарып), өз дегенін істейтін құрылғының бір ғана кемшілігі бар. Яғни акустикалық кеңістігінің тарлығы. Әзірше құрылғы 10 квадрат сантиметр аумақты ғана өшіреді. 

Кемеде, биік ғимараттарда болатын қалың өрттер жоба авторларының шекесіне әбден тисе керек. Себебі, жаз маусымында ойламаған жерден өрттер пайда болып, орны толмас қиындықтарға әкеліп соғатынын бәріміз білеміз. Әсіресе, орманды жердің тұрғындары сақтанып жүрмеске амалдары жоқ. 

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, жаңа құрылғының ең басты қасиеті қалың өрттің температурасын баса алуы. Осының өзі-ақ болашақта аталған құрылғының жаңа қырларының ашылуына мүмкіндік береді деп отыр.


Сурет:intomobile.com

Дайындаған: Фараби Бақыт 

986 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 20 шілде 2012, 17:49
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...