Смартфонды бір сағаттан көп қолдану күйзеліске алып келеді

Смартфонды бір сағаттан көп қолдану күйзеліске алып келеді
Фото: www.thedrum.com

Смартфондар тұтынушының психикасы туралы мәлімет бере алады. Жаңа зерттеулер смартфонды қолдану уақытына қарай адамның көңіл-күйін анықтауға болатынын көрсетті. Америкалық ғалымдар адамның смартфонға тәуелді болуы күйзеліске алып келетінін айтады.

Көңіл-күйі үнемі төмен жүретін адамдар телефонды күніне 68 минут қолданады екен. Ал сананың дағдарысынан алыста жүргендер күніне небары 17 минут смартфонын ақтарады екен.

Ғалымдар мұндай статистикалық ақпаратты дайындау үшін GPS қызметін қолданған. Мысалы, ешқайда шықпай, көбіне үйінде отыратын адамдар смартфондарын жиі қосып, әртүрлі қосымшаларды пайдаланады.

Мобильді құрылғылардың белсенділігіне қарай оның тұтынушысының жағдайын анықтау медицинада да қолданысқа енуі мүмкін. Бұл депрессияға ұшыраған адамдарды анықтауда ұтымды әдіс болмақ. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі Journal of Medical Internet Research журналында жарияланды. 

Ж. Өрісбай