BlackBerry дағдарыстан шығу үшін Andriod платформасына көшеді

BlackBerry дағдарыстан шығу үшін Andriod платформасына көшеді
Фото: hi-news.ru

BlackBerry өнімдері жоғары қауіпсіздіке ие екені белгілі. Сонда да, BlackBerry компаниясы нарықтағы бәсекелестікке төтеп бере алмағанын тағы бір рет дәлелдеді. Канадалық өндіріс концерні Andriod оперативті жүйесінде жұмыс істейтін смартфон құрастырмақ. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Ресми ақпаратқа орай, BlackBerry компаниясының басшылары дағдарыстан шығу мақсатында жаңа стратегиялық жоспар құрған. Жоспар аясында инженерлер көпке ортақ оперативті жүйені қолдану арқылы нарықтағы беделін қайта көтеруге тырысатын болады.

Дегенмен, бұл өзгеріс арқылы компания өкілдері BlackBerry OS 10 оперативті жүйесін қолданыстан шығаруға асықпайды. Себебі аталған платформаның нарықтағы үлесі бүгінде 1%-ды құрап отыр.

Ал өнімнің өзі классикалық сипатын сақтап, физикалық батырмалармен көмкерілмек. Ал жаңа смартфон ағымдағы жылдың күз мезгілінде таныстырылуы мүмкін.

Айта кетейік, жеке платформасы бар компаниялар нарықта жолы болмай, Android жүйесіне көшуден басқа амалы қалмай отыр. BlackBerry компаниясының жағдайы да салыстырмалы тұрғыда мүшкіл болмағанымен, HTC-дің халіне жетпеудің амалын жасауда. Расында канадалық өнімнің нарықта жоғары нәтижеге жете алмауы оның бағасының қымбат екенінде де болып отыр. Сондықтан компания өкілдері смартфондардың құндылығын да қарастыратын болады. 

Ж. Өрісбай