Кез келген жерде өмір сүруге мүмкіндік беретін үй жасалды

Кез келген жерде өмір сүруге мүмкіндік беретін үй жасалды
Фото: querosaber.sapo.pt

Словакияның астанасы Братиславада орналасқан Nice Architects компаниясы ерекше үй жобасын ойлап тапты. "Экокапсула" деп аталатын үй күн батареясының арқасында жыл бойы электр қуатын керек етпейді. Үйдің ішінде шағын ас үй, дәретхана, жуынатын бөлме орналасқан. Жуынатын су таза күйінде жаңбыр қалдығын сүзгіден өткізу арқылы алынады. Үй екі адамға арналған. "Экокапсула" ғылыми-зерттеу станциясы, туристер үйі немесе апат кезінде паналайтын үй ретінде қолданылады. Оны автокөлікпен, пойызбен, ұшақпен, қайықпен тасымалдай аласыз. Үйге 2015 жылдың соңында тапсырыс беруге болады. 

М. Оңғарова