Қазақстандық өнертапқыш Никола Тесланың қозғалтқышын пайдалануды ұсынды

Қазақстандық өнертапқыш Никола Тесланың қозғалтқышын пайдалануды ұсынды

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне тепловоздарда Никола Тесланың қозғалтқышын пайдалануды ұсынып, қазақстандық өнертапқыш хат жазды. Бұл туралы "Экспресс К" хабарлады.

Дарынды ғалым Никола Тесла көзі тірі кезінде электр энергиясын көп зерттеп, біршама өнертабыстардың теориялық үлгісін жасап кеткен. Мәселен бәріміз білетін электромобильді осы кісі ойлап тапқан деген пікір ғалымдар арасында көп кездеседі. Сонымен қатар сәулелік қару мен электр энергиясын сымсыз таратудың да жобасын жасап шыққан. Никола Тесла қалақсыз турбинаны да ойлап тапқан. Дәл осы өнертабысты қазақстандық Руслан атты инженер тепловоздарда пайдалануды ұсынып отыр.

ап

Никола Тесла (1856 1943)

Русланның айтуынша, жобаға қолдау көрсетілер болса, инженерлер тобы шағын да қарапайым, үнемді қозғалтқыш жасап шығаруға дайын екен. Сонымен қатар, елімізде осы контрукцияның өндірісі жолға қойылса, әлемге ұялмай экпорттауға да болар еді, деген пікір айтыпты өнертапқыш. Русланның хатынан кейін жобаның іске асырылуына 50 мың доллар қажет болатындығы да белгілі болды. 

Осы орайда профильдік ведомствоның министрі Әсет Исекешев жауабында аталған жоба технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы аясында қаржыландырылуы мүмкін екендігін айтты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: blogs.privet.ru,  editthis.info