Табиғат аясына шыққан кезде қажет болатын заттар

Табиғат аясына шыққан кезде қажет болатын заттар
Фото: theminimalista.com

Мамыр айындағы мейрамдар өтіп кетті, дегенмен алдымызда әлі жаз мезгілі бар. Әлі де табиғат аясына, пикникке, демалыс орындарына баруға болады. Сол кезде бізге қажет болатын жоғары технологиялық бұйымдармен таныс болыңыздар.

Sugru – жаңа буынның әмбебап ермексазы болатын таңғажайып зат. Оны әртүрлі тұрмыстық жағдайларда қолдануға болады. Заттардың арасын жалғағанда, жабыстырғанда, оқшаулағанда, бекіткенде, байланыстырғанда, киімдер мен аяқ киімдерге жабыстырғанда таптырмас құрал. Бұл туралы қызықты бейнежазбаны өзіңіз тамашалап көріңіз.


Grandpa’s Firefork.  Сейілге шыққанда кешкі алау жанына жиналудан артық еш қызық жоқ. Әлбетте, отқа ет, картоп, шұжық қуырып жеу тіптен керемет. Бірақ ағаш таяқшалар тез өртеніп кетеді, ал шампурлар жанымыздан әрдайым табыла бермейді. Ал Grandpa’s Firefork арнайы сым саптамасы сізге кез келген тағам дайындауға көмектесе алады.


Helinox Cot One. Шаршы палаткаға жайғасу романтика сыйлайды, бірақ әрдайым ыңғайлы бола бермейді. Тәжірибелі туристер ондай спарталық жағдайға әбден үйренген. Бірақ олардың өзі Helinox Cot One қолайлы жорық мекенінен бас тартпас еді. Ол небары 2 кило салмақ тартады және жердің жылылығын сақтайды.


Aeros Premium Pillow. Табиғат аясына шыққан кезде түнгі ұйқы қолайсыздық тудырады. Ыңғайсыз жатыстарының кесірінен келесі күні бастары, мойындары ауырып жүреді. Мұндай келеңсіздікке жол бермес үшін Aeros Premium Pillow үрлемелі жастығы сіздің жаныңызға демеу болады.


LIFESAVER Systems 4000 Ultra Filtration Water Bottle. Адам сусыз бірер күн ғана өмір сүре алады. Сондықтан серуенге шығарда міндетті түрде бұлақ, өзен, құдық мәселелерін басты нысанға алу керек. Егер бұл мүмкін емес болса, фильтр жүйесі орнатылған мына ғажайып бөтелкеге назар салыңыз. Ол кез келген суды ішуге жарамды етіп беру қабілетіне ие. 750 миллилитр су шамамен 1 минутта тазаланады.


Ал сіз сейілге шыққанда қандай қолайлы заттар қолданасыз?

Ұқсас жазбалар:

Еуропа елдері ұшқышсыз ұшақ құрастырады

Келешектің «кемеңгер көліктері» қандай болады?

@. @assel_assanova