Ультражұқа iPhone Air концепті (видео)

Ультражұқа iPhone Air концепті (видео)
Фото: www.charliewhite.net

Әлемдік нарықта Apple өнімдерінің жұқа нұсқалары бар екені белгілі. Атап айтқанда, iPad Air және  жұқа Macbook Air өнімдері осыған дәлел бола алады. Ендеше дизайнерлердің пікірінше, смартфонның да ультражұқа түрі болуы керек екен. Әңгіме iPhone Air гаджеті туралы болып, оның жаңа концепті ғаламтор қолданушыларын қызықтыруда.

Set Solutions дизайнерлері жаңа "ақылды" телефонның енін 4,3 мм-ге дейін жұқартып (екі есе қысқарған), экранын 4 дюймге дейін кішірейтеді. Ал техникалық құрылымына келсек, смартфон FullHD-экран мен 4К-видеомен қамтамасыз ететін 13-МП сапаға ие. Одан бөлек, Қосалқы жадысы 32 немесе 64 ГБ болып, қуат жинақтағышы сағатына 3200 милиампер мүмкіндікті береді.

Төмендегі видео арқылы жаңа аппараттың концептімен танысасыздар. 

Ұқсас жазбалар: 

Kawasaki ұсынған фантастикалық концепт

Iphone 6 смартфонының тағы бір моделі шығады

Ж. Өрісбай