The VOID – виртуалды шындық саябағы (видео)

The VOID – виртуалды шындық саябағы (видео)
Фото: mic.com, www.itagged.com

Америкалық Джон Брэддок (John C. Braddock) есімді жеке кәсіпкер АҚШ-тың Юта штатында жаңа тематикалық саябақ салуды жоспарлапты. Саябаққа келушілер өзінің мүмкіндіктерін еселеп сезіне алады. Ол қалай дейсіз бе? Мұнда сізге виртуалды шындық гарнитурасы көмекке келеді.

The Void атауына ие ойын-сауық саябағы виртуалды шындық негізінде құрылған ең алғашқы орталықтардың бірі болмақ. Жоба авторы кейіннен бұл жүйені бүкіл әлемге таратуды жоспарлаған.

The Void саябағы 18х18 метр көлеміндегі бірнеше бөлмеден тұрады. Мұнда бір уақытта 10 адам ойнай алады. Ал жоғарыдағы қабырғалар ойыншының қандай картинаны ойлап жатқанына байланысты өзгеріп отырады. Бөлмелер ғарыш кемесі, орман немесе қала сынды кез келген ортаны көз алдыңызға әкеле алады. Ал гарнитураның сезгіш тетіктері жасанды жер сілкінісін жасап, адамды виртуалды көлікке мінгізетін болады.

Ойын алаңының құрылымы әр үш ай сайын өзгеріп отырады. Ал геймерлер бір-біріне қарсы немесе компьютермен ойнай алады. Жоба авторы виртуалды шындықтың мүмкіндігін дамытудың өзге шынайы әдісі жоқ екенін айтады. Әуесқой геймерлер де үйде мониторға қарап отырғанша, шынайы өмірде шайқасып көрген артық екенін айтады.

Қазіргі кезде Virtual Entertainment Centers компаниясы жаңа 30 іскер маманды жасақтап, саябаққа келушілердің арнайы киімдерінің дизайнын жасаумен айналысып жатыр. Айта кетсек, саябақта Oculus Rift аналогы қолданылады.

Ресми ақпаратқа орай, ойын бағасы қол жетімді болып, әрбірі жарты сағатқа жалғасады. Жоспар бойынша, The Void тематикалық саябағы 2016 жылы ашылмақ.

Ұқсас жазбалар: 

Facebook әлеуметтік желісінің болашағы қандай болмақ?

CES 2015. Виртуалды көзілдіріктің әмбебап үлгісі

Ж. Өрісбай