Nokia 150 жылдығын тарихта болмаған бимен атап өтті

Nokia 150 жылдығын тарихта болмаған бимен атап өтті
Фото: facebook.com

Финдік Nokia компаниясы 150 жылдық мерейтойын тойлады. Олар 150 жылдығына летка-енка биін биледі.  Мерекелік шараны компанияның Эспоо кеңсесінде атап өтті.

Компания 1865 жылы Тампер қаласында Ұлы Фин княздығының бөлімі болып құрылды. Негізін қалаушылар - Фредрик Идестам және Леопольд Мехелин. Алғаш ашылған кезде компания қағаз шығарумен айналысты. Компанияны су ресурстарымен қамтамасыз еткен Нокианвирта өзенінің құрметіне Nokia атауы берілді.

Біраз уақыт бойы Nokia қағазбен қатар, резиналық өнімдер, кабельдер, шиналық бұйымдар шығарумен шұғылданды. XX ғасырдың 70 жылдары ғана электроника жасауға бет бұрды. Қазіргі уақытта телекоммуникациялық жабдықтармен айналысады. Нарықтағы бағытын нығайту үшін өзінің бәсекелесі Alcatel-Lucent-ті сатып алды.

Мерекелік шара барасында Nokia қызметкерлері қатар тізіліп, «150» санының пішінінде ұзын тізбек құрып, летка-енка биін биледі. Мұндай көп адамның бір биді бірге билеуі бұрын соңды тарихта болмаған.

Ұқсас жазабалар:

Nokia туралы қызықты деректер

Nokia-ның ел білетін телефондары

@. @assel_assanova