Microsoft HoloLens гарнитурасы қандай мүмкіндікке ие? (Видео)

Microsoft HoloLens гарнитурасы қандай мүмкіндікке ие? (Видео)
Фото: www.microsoft.com

Техно мамандары HoloLens голографиялық гаджетіне оның алғашқы таныстырылуынан бері қызығушылық танытып келеді. Сондықтан Microsoft корпорациясы бұл жобаны жылдам дамыту үстінде. Бірнеше күн бұрын Сан-Франциско қаласында өткен Build Developer Conference атты іс-шарада HoloLens гарнитурасының жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.

Енді сіз аталған гаджеттің көмегімен өз пәтеріңізді виртуалды Windows оперативті жүйесіне айналдыра аласыз. Мысалы, Skype қызметіндегі ең белсенді достарыңызды басты бетке шығарып, уақытша қосалқы платформа ретінде қолдана аласыз.

HoloLens гарнитурасы қолданушысының негізгі жұмысы Windows Holographic интерфейсімен болмақ. Айта кетсек, сіз пәтеріңізде бөлмеден бөлмеге өтіп жүріп-ақ кез келген қызметті қолдана бересіз. Ал виртуалды ашылған ғаламтор беттері сізбен бірге қозғалады.

Мұның барлығына төменде көрсетілген видео арқылы көз жеткізуге болады. Арнайы дайындалған видео гарнитураның ішіндегі бейнені кескіндейді. Компания ресми өкілдерінің айтуынша, тек осылай қарапайым тұтынушыға HoloLens гаджетінің басты артықшылықтарын көрсетуге болады.

Әзірге гарнитураның ресми шығу уақыты мен әлемдік нарықтағы бағасы туралы ақпарат берілмеді. Дегенмен, инсайдарлердің хабарлауынша, Microsoft корпорациясы өзінің жаңа гаджетін ағымдағы жылдың маусым айында өтетін Е3 ойын көрмесіне алып келуі мүмкін. 

Ұқсас жазбалар: 

Microsoft голографиялық көзілдірігін таныстырды (Видео)

HoloLens голографиялық көзілдірігі Марсты зерттеуде қолданылмақ

Ж. Өрісбай