LG G4 смартфоны сатылымға қашан шығады?

LG G4 смартфоны сатылымға қашан шығады?

LG G3 смартфонының сатылымға шыққанына бір жылға таяп қалды. Ендеше LG G сериясының келесі нұсқасының нарыққа шығатын күні белгілі болды. Аталған өнім ағымдағы жылдың 28 сәуір күні ресми түрде таныстырылатын болады.

Белгілі болып отырғандай, LG G4 смартфонын таныстыру іс-шарасы бір уақытта Лондон, Нью-Йорк, Париж, Сеул, Сингапур және Стамбул қалаларында өткізіледі. Жаңа гаджеттің ресми анонсына бір айдан аз уақыт қалса да, оның техникалық мінездемесі толығымен белгілі болып отыр.

Дизайн

LG G4 смартфоны G Flex сериялы өнімнің өзін-өзі қайта қалпына келтіру технологиясына ие. Ал корпусы металлдан жасалады. Сонымен қатар, оңтүстік кореялық компания Motorola-ның Moto X өніміндегі пластик панельді қолдануы мүмкін.

Дисплей

G4 смартфоны 1620x2880 пиксельді мүмкіндікке ие экранмен қамданады. Егер диагональ бұрынғыдай қалатын болса, смартфондағы бейненің сапасы артады. Әзірге смартфондар нарығының көп үлесіне ие Apple, HTC және Sony сынды компаниялар бұл орайда жаңарту енгізіп жатқан жоқ. Сондықтан LG G4 пиксельдік сапамен артықшылыққа ие болады.

Процессор және өндірістік сапа

Смартфон 8 ядролы Qualcomm Snapdragon 810 процессорымен қамданады. Ал жедел жадысы 3 Гбайтты құрамақ. Одан бөлек, оперативті жүйесі қызметін Android 5.0 Lollipop соңғы нұсқасы атқарады.

Камера

Өткен жылы шығарылған G3 смартфоны инфрақызыл сәуленің көмегімен фокус алатын камерасымен көзге түскен еді. G4 флагманы да осы функциямен қамданады. Оған қоса, суретке түсіру сапасы 16 мегапиксельге жақсаратын болады.

Бағасы мен сатылымға шығу уақыты

LG G4-тің әлемдік нарықтағы сатылымы мамыр айына жоспарланған. Ал оның бағасы Samsung Galaxy S6 смартфонынан кем болмайды.

Сурет: www.concept-phones.com

Ұқсас жазбалар: 

Экраны жоқ смартфон нарықты бағындыруда

Blackberry Porsche компаниясымен біріге смартфон шығарды

CES 2015. G Flex 2 – LG ұсынған дөңес смартфон

Microsoft «Nokia» брендісіз смартфон шығарды

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды