Жаңа әдіс 3D-көрсетілімнің мүмкіндігін арттырады

Жаңа әдіс 3D-көрсетілімнің мүмкіндігін арттырады

Үш өлшемді суреттің иллюзиясын жасауда қолданылатын ең көп сұранысқа ие экрандардың бірі - автостереоскопиялық дисплей. Ол көбіне көздің бағдары кезінде көрілім нысанының өзгеруін көрсететін параллакс негізінде жасалынады. Әдетте үш өлшемді нәтижені алу үшін 3D-суреттің жарық бөлушісі ретінде микролинзалар қолданылады.

Бұл әдіс Nintendo 3DS ойын консолында оң нәтижесін бергенімен, үлкен экрандарда белгілі бір дәрежеде шектеліп қалады екен. Дегенмен Қытай ғалымдары жалпақ линзалардың орнына микроскопты линзаларды қолдану арқылы бұл мәселені шешуге ұмтылуда.

Қытайдағы Чэнду және Сычуань Университеттерінің зерттеушілері жасаған прототип үш өлшемді көріністің бұрышын 32 градусқа дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Ғалымдар алдағы зерттеулердің нәтижесінде 3D-көрсетілімнің мүмкіндігін екі есе арттыруға сенім білдіріп отыр. Кейіннен бұрыштың көрсету мүмкіндігін 90 градусқа дейін жеткізу жоспарланған.

Зерттеу жұмыстары Journal of Display Technology ғылыми журналында жарияланды.

Жоспарлы зерттеу жұмыстарына дисплей енінің кішірейтілуі де кіріктірілген. Себебі жаңа оптикалық компонентке ие 3D-дисплейлер қазіргі қолда бар дәстүрлі дисплейге қарағанда әлдеқайда қалың болып келеді.

Сурет: www.extremetech.com

Оқи отырыңыз: 

Қытайлар 57 қабатты үйді 19 күнде салды (Видео)

Apple Watch екі есе қымбат болып шықты

Марк Цукерберг жақсы қызметкерді қалай таңдайтынын айтты

Түркия өзінің алғашқы ғарыш айлағын салады

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды