Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Кілтсөзіңізге ие болыңыз

Кілтсөзіңізге ие болыңыз

Кілтсөзіңізге ие болыңыз

Қазіргі таңда кез келген ғаламтор қолданушысының танымал әлеуметтік желілерде өз парақшасы мен жеке электрондық жәшігі бар. Әрқайсысының кілтсөзін есте сақтамас үшін көбі бір кілтсөзді барлық жаққа қолданады. Сол себептен оның қауіпсіздігі туралы көп жағдайда ойлана бермейді.

Ғаламтордағы барлық іс-әрекеттер адамның жеке меншігі болып табылады. Оның жеке фотосуреттеріне, өзі түсірген бейнесюжеттерге, сақтаған құжат-хаттарына т.с.с. меншігіне ешкімнің қол сұғуға хақысы жоқ. Алайда, бұл меншіктердің қауіпсіздігіне салғырттықпен қараған жағдайда мұның барлығы қолды болып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да кілтсөз таңдауға үлкен жауапкершілікпен қараңыз. Кілтсөзіңіздің де сіздің жеке меншік екеніңіз екенін естен шығармаңыз.

Кілтсөз таңдаған кезде ескеретін жайттар:

  • Өзіңізге жеңіл, өзгеге қиын 6 белгіден асатын кілтсөз таңдаңыз;
  • Кілтсөз етіп есіміңізді, тегіңізді, атыңызды таңдамаған жөн;
  •  «123456», «mamochka», «mahabbat», «suyemseni», «zhanym», «janajyl» т.с.с күнделікті өмірде көп қолданылатын оңай сөздер мен реттік сандарды кілтсөз етіп қоймаған абзал;
  • Кілтсөзде, мүмкіндігінше, сандар мен сөздерді араластырып қолданыңыз. Мысалы: «kzkz2030», «18000galam», «koltyrauingena1», «9876gul654» т.с.с.
  • Сандармен  бірге, үлкен және кіші әріптерді араластырыңыз. Мысалы: «AlaTaU2195», «356TenGri9898», «QaZaQtAr1991», «MynBala2012» т.с.с.
  • Көпшілік біле бермейтін есімдер мен атауларды қоюға болады. Ол тек өзіңізге ғана мәлім болуы керек. Мысалы: алғашқы махаббатыңыздың есімі мен туған жылы «Altynai1985», «Azamat1979» т.с.с;  үй жануарларының есімі мен сүйікті саныңыз «aktos33», «moinak8888» т.с.с; алғашқы ұстазыңыздың есімі «Nurgulapai», «Kanatagai» т.с.с; көрші тұратын апа-әжелердің есімдері «Munarata», «Katipawaje» т.с.с; алғашқы көлігіңіздің маркасы не моделі мен шыққан жылы «subaru2006», «zhiguli1998» т.с.с; кино, кітап не телехикаядағы сүйікті кейіпкердің есімі «Alpamys», «Mentai», «Berivan»  т.с.с;
  • Сүйікті өлең жолдарын жазып қойыңыз: «almakettidomalap», «kansonardaburkitshishigadianga», «ushbakitimbarmenin» т.с.с
  • Кілтсөзде мынадай қызықты тәсілді қолданыңыз: «ksgn9k5f,fqcfkls»=«Алыптұлғабайсалды», «Fcnfyf»=«Астана» т.с.с. Шрифт латын тіліне қойып, кілтсөзіңізді қазақша теріңіз.

Ешуақытта кілтсөзіңізді көпшілік назары бірден ауатын қағазға жазып, мониторға жабыстырып қоймаңыз. Сондай-ақ, «Менің кілтсөзім мынадай», «Менің кілтсөзімнің қандай екенін білесіңдер ме?» т.с.с сөздермен мақтанып жатпаңыз. Кілтсөзді жиі-жиі ауыстырып, компьютеріңізді антивирустық бағдарлама көмегімен тазартып қойыңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: shoppingweb.ru, nice-news.net, slon.ru

174 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 26 маусым 2012, 09:56
Пікірлер
+0
26 маусым 2012, 12:03

«almakettidomalap» :lol:

+0
26 маусым 2012, 14:40

кілт сөзімді айтайын ба? :D

+0
26 маусым 2012, 15:17

3-курста оқып жүргенде группадағы бір қыз классқа кіріп: "Менің мирдағы паролім мамочка" деп мақтанып еді :mrgreen:

+0
26 маусым 2012, 15:30

катипашаже :lol:

+0
26 маусым 2012, 17:30

матемнан беретін бір ағайым дискриминантты түсіндіріп жатып, менің фэйсбуктағы паролім "дискриминант" қой деп, бізді күлдіріп алып, қаз өзгертіп тастамын деп үстелінде тұрған ноутбугына сразу отыра қалған :lol: :lol: :lol:

+0
26 маусым 2012, 17:57

*********** қазіргі паролім осы (11 символ)
оның алдыңғысы ******************* (19 символ)

+0
27 маусым 2012, 08:48

Ал менікі мынадай ХХХХХХХХХХ

+0
26 маусым 2012, 17:58

соңғы екі кеңес ұнады ")

+0
26 маусым 2012, 18:12

менiм паролiм ариптер,сандар,ариптер

+0
22 сәуір 2016, 15:31

tank2672

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...