Хакерлер кеше Twitter-ге шабуыл жасағандарын айтты

Хакерлер кеше Twitter-ге шабуыл жасағандарын айтты

Кеше, яғни 21 күні кешке таман Туиттер қолданушылары техникалық қателіктердің себебінен сайтқа кіре алмады. Олқылық орын алған соң бір сағаттан кейін сайт сервисының жұмысы қалпына келді деп хабарланса да, сайт жұмысының жылдамдығының күрт төмендеп кеткендігі байқалды. 

Сервис өкілдері бұл қателіктің орын алуының ресми себебі мынау - сайт инфраструктурасының кейбір компоненттерінің қателігі әсерінен жүйенің басқа құрылымдарына (cascaded bud) зиян келген.

Дегенмен CNN бұл туралы басқаша ақпарат таратты. Сайттың қалыпты жұмысына келген кедергілерді UGNazi хакерлері тобы мойындарына алып, DDoS-шабуылдың жасалғандығы туралы айтты делініпті агенттіктің сайтында. UGNazi хакерлері бұған дейін Cloudfare компаниясының аға директоры Мэттью Принстың (Matthew Prince) Google-аккаунтын бұзып, жұрттың көзіне түсіп еді.

Pingdomи статистикалық сайтының айтуынша, Туиттердегі бұндай олқылық соңғы 8 айдан бері орын алып көрмепті. 

Twitter 200 миллионға жуық қолданушыны астына жинап отырған микроблог сервисы. "Яндекс" компаниясының статистикасы бойынша, сервистағы "кириллицалық аудитория" 2 миллионнан асып жығылады екен.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: casaucv.wordpress.com