Сымсыз қуаттау технологиясы қалай жұмыс істейді?

Сымсыз қуаттау технологиясы қалай жұмыс істейді?

Смартфондарды сымсыз қуаттау технологиясы соңғы бірнеше жыл бойы қарқынды дамып жатса да, жалпы қолданысқа енбей жүр. Қытайдағы Microsoft Research зерттеу орталығының инженерлері осы жағдайды реттеуді қолға алып отыр.

Сымсыз қуаттау технологиясының бір кемшілігі қуаттау кезінде смартфон электронды девайстан қашықта болмауы керек. Ал Microsoft ғалымдары қуаттау энергиясының ауамен таралуын қамтамасыз ету жолын тапты. Нақтырақ айтсақ, енді смартфон кез келген жерде жатса да ауа арқылы қуаттау құрылғысынан энергия қабылдай алады.

Бұл жүйе AutoCharge атауына ие болды. Қуаттау құрылғысы Kinect сенсорларына ие камерамен жабдықталып, үйдің төбе жағына жабыстырылады. Ал қуаты азайып қалған гаджетіңіз бөлменің кез келген жерінде жатса да, қуаттау құрылғысы оны анықтап, қуатын бағыттап отырады.

Өз кезегінде смартфон да сәулені энергияға айналдыра алатын фотоэлектрлі панельмен қамданған болуы керек. Зерттеушілердің айтуынша, смартфонның корпусына сай келетін панельдердің көмегімен қуаттау, дәстүрлі жолмен қуаттау уақытына тең болады.

Ал смартфонға орнатылған арнайы жарық диодтары қуаттау процесінің соңына жеткенін бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, бұл диодтар бөлмедегі кез келген гаджетті анықтау кезінде де қолданылатын болады.

Құрастырушылардың хабарлауынша, әзірге аталған құрылғы толығымен дайын емес. Ал оның жаппай қолданысқа енуіне де біршама уақыт қажет. AutoCharge аппаратының дамуына фотоэлектрлі элементтермен жабдықталған қолданбалы девайстардың сирек кездесуі кедергі болуы мүмкін.

Сурет: beldonor.org

Оқи отырыңыз: 

Сымсыз қуаттау технологиясы дамып келеді

HTC жаңа смартфоны қандай болмақ?

Xiaomi ультражұқа смартфондары таныстырылды

Ж. Өрісбай