Техно әлемі. 2014 жылға шолу

Техно әлемі. 2014 жылға шолу

Технология әр адамның өмірінен ойып тұрып орын алған. Бүгінгі таңда оның әр жаңалығы назардан тыс қалмайды. Жылқы жылы аяқтап, қой жылына қадам басар алдында техно әлеміндегі жыл бойына кісі есіне қаларлық оқиғаларды тізіп, сараптап көрейік.

Биылғы жылы Facebook-тың $ 22 млрд қаржы жұмсап, WhatsApp мессенжерін сатып алуынан бастап, Apple компаниясының Apple Watch смарт сағатын жасауы сынды үлкен оқиғалар болды.

Осындай ерекше оқиғалардан бір-бір сурет алып, сол суреттің тарихы арқылы болған оқиғаларды еске салайық.


2014 жылдың қаңтар айында Google компаниясы бағасы $ 3,2 млрд тұратын жиһаз автоматтандыру компаниясы Nest Labs-ты сатып алды. Суретте Nest Labs компаниясының құрушысы Мат Роджерс және Тони Фидель. Олар Google бас директоры Ларри Пейджмен бірге.


Ақпан айында Марк Цукерберг WhatsApp мессенжерін $ 22 млрд-қа сатып алды. Сонымен WhatsApp құрылтайшысы Джейн Кум (Jan Koum) және Брайан Acton (Брайан Acton) миллиардер болып шыға келді.

Наурыз айында Facebook жаңа технология әлеміне тағы бір ауыр «соққы» жасады. Ол виртуалды бейне экран жасайтын Oculus VR-ды $ 20 млрдқа сатып алды. Бұл ойын 2015 жылдық аяғында Oculus Rift деген атпен нарыққа шығады деп күтілуде.

Microsoft компаниясының бас атқарушы директоры ретінде сәуір айында Сатья Наделла келді. Наделла Microsoft тарихындағы үшінші бас директорына айналды.

Twitter-ді жарған селфи. Америкалық атақты жүргізуші Эллен Дедженерес Оскар сыйлығын табыстау рәсімінде әлемдік бір топ жұлдыздарымен селфи жасады. Дәл осы сурет сол кезде Twitter әлеуметтік желісіндегі ең көп таралған, ең танымал суретке айналды.

Мамыр айының соңында, Apple компаниясы Beats Electronics-ты $ 3 млрд бағаға сатып алатынын жариялады.

Маусымда, Amazon компаниясы өзінің бірінші смартфоны Fire Phone-ды іске қосты. Дегенмен телефонның динамикалық жағы, өнім сәйкестендіруі, сондай-ақ салқынқандылығы және т.б. ерекешліктері көп болғанымен, оның сатылуы адамды үмітсіздендіретін деңгейде болған.

Маусым айында, өте танымал хабар алмасу қолданбасы Yo жарыққа шықты, тек бір апта ішінде 60 млн-нан 100 млн-ға өсті.

Жаз айларында Ice Bucket Challenge акциясы басталды. Оған бір Facebook-тың өзінен 17 миллионнан астап адам қатысқан. Олардың қатарында әлемге танымал IT-шылар да бар. Мысал, Билл Гейтс, Энди Херрон, Маск Элон, Ларри Пейдж, Сергей Брин.

Қыркүйек айы әлем жұртшылығының есінде iPhone 6 және iPhone 6+ смартфондарымен де қалды. Алайда сатылым бастала салысымен танымал гаджеттің иілгіштігі жайлы бейнекөріністер пайда болып, оның үстінен көптеген шағымдар түсірілді.

Қазан айында Apple-дың бас атқарушы директоры Тим Кук «Business Week» журналында өзінің гей екенін жариялады. Ол өз сұхбатында: «Мен өзімнің гей екенімді мақтан тұтамын, гомосексуализм Құдайдың маған берген ең жақсы сыйы деп ойлаймын» деді. Осы сұхбаттан кейін кейбір ел басшылары Тим Кук басшылыққа келгеннен кейінгі шыққан iPhone 4S, iPhone 5 смартфондарынан бас тартуды ұсынған, себебі олар бұл телефондардан гейлерге лайық дизайн үлгісін көріп отырмыз деген.

Желтоқсан айында, Sony Pictures Entertainment хакерлердің кибершабуылына ұшырады. Компанияның компьютерлік жүйесі істен шықты. Онда қызметкерлердің жеке ақпараттары, электрондық пошта кіріс жәшіктері, үй мекен-жайы, әлеуметтік қауіпсіздік мәліметтері бар.

Сурет: google.com

M. Auelkhan