IBill гаджеті көзі соқыр адамдарға көмектеседі

IBill гаджеті көзі соқыр адамдарға көмектеседі

Көптеген ақша банкнотын көзбен көрмей қандай номинал екенін аңғару қиын. Бұл көзі нашар көретін немесе тіпті көрмейтін адамдар үшін әсіресе күрделі проблема. Мысалы тауар әлде қызметтің ақысын төлеген кезде ақшаның қай банкнот екенін тану күрделі болады.

Осындай жағдайларда көзі нашар көретіндерге көмектесетін iBill девайсы әзірге тек доллар банкноттарымен жұмыс істейді. Аталған гаджет тұтынушының қолында қандай номинал тұрғанын анықтап береді.

Ол үшін аппараттың арнайы тесігіне банкноттың бір шетін енгізу керек. Ibill ақшаны сканерден өткізіп, оның қанша сома екенін айтып береді. Сонымен қатар, гаджеттің баптауы арқылы дауысты өшіріп, орнына дірілді қосуға болады. Бұл құлағы нашар еститіндер үшін де өте пайдалы болады.

Ibill гаджетін америкалық Orbit Research компаниясы 119 $ сомамен сатылымға шығара бастады. Сондай-ақ, пайдалы гаджетті сатуға АҚШ-тың өзге де мемлекеттік мекемелері көмектесетін болды.  

Сурет: www.ideastream.org

Ж. Өрісбай