Туиттер логотипін өзгертті

Туиттер логотипін өзгертті

Twitter компаниясы ресми логотипін ауыстырды. Бұл туралы сервистың ресми блогында хабарланыпты.

Жаңа белгі бұрынғы логотиптерге қарағанда қарапайымдылығымен, біртектілігімен ерекшеленеді. Яғни, бұл жолғы құстың бейнесіне аздаған өзгерістер енген. Бұл логотип бұған дейінгі ресми белгілердің ("twitter" жазуы, шаршының ішіндегі "t" әрпі, оң жаққа қарап тұрған құс) орнын басатын болады.

па

Жаңа белгіні пайдалану туралы ережелер туиттердің арнайы бетшесінде жарияланды. Компания негізінен бұрынғы логотиптерді қолдануға тиым салып, жаңа белгіні өзгертіп жариялауға болмайтындығын айтқан.

Суреттер: gizmodo.com, brandchannel.com