STRaND-2 қос жер серігінің құрылысы басталды

STRaND-2 қос жер серігінің құрылысы басталды

Surrey Satellite Technology компаниясы STRaND-2 қос жер серігін құрастыруға кірісіп кетті. Бұл қос жер серігі Kinect сенсорымен жабдықталған. Бұл туралы The Register хабарлап отыр.

Аппараттар ғарышқа бірінен соң бірі ұшырылады. Kinect сенсоры арқылы бір-бірінің орнын анықтап, қос аппарат бірігетін болады.

Жері серіктерінің көлемі - 10x10x30 см. Ал салмағы - 4 кг-нан сәл кем. Сондықтан бұл аппарттар нано жер серіктері қатарына кіреді. Айта кетелік, салмағы 10 кг-нан аз аппараттар осы топқа жатқызылады.

STRaND-2 жер серіктерінің бірігуінің компьютерлік моделі

STRaND жер серіктерінің ғарыштағы қызметі мынадай болмақ. Екеуі қосылып, ғарыштық телескоптың қызметін атқарып, "ғарыштық қоқысты" жинап, үлкен аппараттарға техникалық көмек көрсететін болады.

"STRaND-2" Surrey Satellite Technology компаниясының екінші жобасы. Бұған дейін олар STRaND-1 жер серігін жасап шыққан болатын. Бұл аппарат ғарыш кеңістігіне осы жылдың соңына ұшырылады деп күтілуде.

сурет: article.wn.com