Жазғаныңыздың бәрін жадында сақтайтын қалам

Жазғаныңыздың бәрін жадында сақтайтын қалам

Дизайнерлер Recorder деп аталатын жоғары технологиялық қалам ойлап тапты. Ол әдеттегі қаламдар секілді тек жазып қана қоймай, сонымен қатар қалам иесі жазған барлық жазбаларды сақтап, қаламға кіріктірілген Bluetooth арқылы компьютерге көшіруге мүмкіндік береді. 

Тіпті кіріктірілген жүйе текст ішінде қате барлығын да тексеріп шыға алады. Алайда бұл функция әзірге тек ағылшын тілінде.

Қандай да бір ақпаратты жат қартасына енгізу үшін қаламұшы қозғалысын бақылайтын лазер қолданылады-мыс. Деректерді компьютерге немесе басқа да құрылғыларға жіберуге болады. 

Қазіргі таңда Recorder-дің тек жалғыз нұсқасы ғана бар. Егер қалам сатылымға түсер болса, оның сатып алушылар қатары әлбетте көп болады. Мысалы, кез келген тегіс жерде қажетті жазбаларыңызды жазып алсаңыз, қалам сол жазбаны жадында сақтап қалады.

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM