Microsoft жаңа Windows 8 операциялық жүйесін жасап шығарды

Microsoft жаңа Windows 8 операциялық жүйесін жасап шығарды

Windows 8-дің демо нұсқасын мына жерден көшіріп алуға болады:

WINDOWS 8

Release Preview нұсқасында кейбір қателіктер жөнделіп, жаңа фунциялар қосылған екен. Мәселен Internet Explorer браузерінде бұл жол Flash Player орнатылған, жаңа Do Not Track технологиясы қосылған. Сонымен қатар Hotmail, SkyDrive және Messenger-ге арналған жаңа қосымша бағдарламалар бар.

Тағы да айтуға тұрарлық нәрсе мынау. SkyDrive мәліметтерді сақтау сервисінде жаңа функция пайда болды. Ол бұдан былай фото-шарингпен браузер арқылы да, қосымша бағдарламалар арқылы да жұмыс жасай алатын болады. Сонымен қатар фотосуреттер лимиті 150 000-нан 10 млн-ға дейін артты.

Компанияның өкілі Стивен Синофскидің айтуынша, бұл демо-нұсқаны жариялауының себебі қолданушылардың сын пікірін біліп, кемшіліктерді анықтау. Бұл іс көпшілік көңілінен шығып жатса, Windows 8 бен Windows RT операциялық жүйлері көп ұзамай жарыққа шығады.

сурет: ctrlc.ru