Windows 9 мультидесктопты тәртіпте жұмыс істейтін болады

Windows 9 мультидесктопты тәртіпте жұмыс істейтін болады

Microsoft басшылығы алдын ала хабарлағанындай, осы айдың соңына қарай өзінің жаңа бағдарламалық нұсқасын көрсететін болады. Ол уақыт жақындаған сайын, жаңа операциялық жүйе туралы сан түрлі ақпарат өрбіп жатыр.

Neowin ақпарат көзінің мәлімдеуінше, Microsoft бағдарламашылары тұтынушылар талабына орай Windows 9 нұсқасын көрсетуге дайындалып жатыр екен. Сөз басы бір уақытта бірнеше жұмыс парақшаларын (Рабочий стол) ашу мүмкіндігі туралы болып отыр. Әрине, егер компания осы жобаны сәтті көрсете алатын болса, жаңа бағдарлама мультидесктопты тәртіпке ие болып, өзінің абыройын қайта тіктейтін болады.

Нақтырақ айтар болсақ, десктоптарды ауыстыру көлденең қондырылатын свайп арқылы жасалынатын болады. Оның аналогы қазіргі Windows 8 нұсқасында көрсетілген. Ал қолданысқа керек мүдделі десактопттар саны жүктелген жұмыстың көлеміне қатысты шектелетін болады. Сонымен қатар, оның нақты орындайтын функциялары Windows 9 редакциясы арқылы жүзеге асырылады.

Мультидесктопты тәртіпке қатысты толық ақпарат қыркүйек айының соңына қарай жарияланбақ. Ол Windows 9 Preview жинағында көрсетілетін болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: windowstips.ru

Ж. Өрісбай