Panasonic өзінің алғашқы Lumix CM1 Android-камерафонын ұсынады

Panasonic өзінің алғашқы Lumix CM1 Android-камерафонын ұсынады

Екі жылда бір рет өткізілетін Photonika көрмесі бұл жылы да ерекше өнімдерге толы болмақ. Солардың бірі – Panasonic компаниясы ұсынған Lumix Smart Camera DSC-CM1 өнімі.

Мұндағы негізгі маңыздылық камераның оптикасына жүктеледі. Сонымен қатар, Lumix CM1 смартфон қызметін де орындай алады. Panasonic құрастырған жаңа девайс Android платформасында жұмыс істейді.

Камерафонның негізін 1-дюймді 20-Мпикс сенсорға ие Leica DC F/2.8 28-мм объективі құрайды. Компания берген қысқа шолу ақпаратына орай, жапондық компания ұсынған жаңа камера 4K форматында жұмыс істейтін болады. Камераның өзге де мінездемелері алдағы уақытта немістің Кельн қаласында өтіп жатқан Photonika 2014 көрмесінде жарияланатын болады. Аталған халықаралық көрме ағымдағы жылдың 21 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Lumix CM1-дің смартфондық мінездемесіне мән берер болсақ, Full HD форматында көрсететін 4,7 дюймді дисплейге ие және Snapdragon 801 процессорымен жабдықталған. Оның оперативті жадысы 2 Гбайт, ал қосалқы жады ретінде 16-дан 128 Гбайт-қа дейін көлемді қондыра алады. Аппараттың камерадан смартфонның қызметіне ауыстыратын негізгі батырмасы бар.

Panasonic компаниясының алғашқы Lumix CM1 камерафоны Еуропада жаңа жылға жақын сатылымға шығады деп күтілуде. Оның жоспарлы бағасы 900 еуро болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.insomnia.gr

Ж. Өрісбай