Logitech K480 bluetooth-пернетақтасының ерекшелігі

Logitech K480 bluetooth-пернетақтасының ерекшелігі

Қазіргі кезде, әлемдік нарықта әртүрлі құрылғыларға арналған қосалқы құралдар жетіп артылады. Дегенмен, кейбір өндірушілер маңызды шешімді қабылдауға мүмкіндік береді. Соларды бірі - Logitech K480 үшеуде біреу bluetooth-пернетақтасы.

Өзінің негізгі атқаратын еңбегімен және құрылымдық модулімен басқа аналогтарынан еш айырымы жоқ. Дегенмен, мұқият бақылайтын болсаңыз, оның ерекшеліктерінің де көзге ілігетініне куә боласыз.

K480 жоғарғы жағында сары түспен көмкерілген қосалқы бөлігі бар. Оған көлеміне қарай, бірден екі аппараттты қондыруға болады. Айта кетсек, 5-дюймді смартфон мен орта габаритті планшет. Одан бөлек, жаңа үлгі үш бірдей девайсқа да бір уақытта қосыла алады. Оларды біріне-бірін көшіріп отыратын пернетақтаның жоғарғы сол жағында арнайы батырма бар.

Пернетақтаға қондырылатын аппараттардың шекті көлемі 10,5 мм қалыңдықта және 258 мм ұзындықта болуға тиіс. Демек, аталған пернетақтаға 10-дюймді планшет қондыруға келеді.

Logitech K480 пернетақтасы барлық дерлік операциялық жүйелермен жұмыс істей алады. Атап өтсек, Windows, Mac OS X, Android және iOS платформалары.

Пернетақта қара және ақ түсті нұсқалармен шығарылатын болады. Logitech K480 әлемдік нарыққа келесі айда 50 АҚШ доллары бағасымен шығуды жоспарлап жатыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.hardnsoft.ru

Ж. Өрісбай