Флешкаға айналатын қағаз

Флешкаға айналатын қағаз

Технология саласы дамыған сайын, түрлі өнертабыстарға таң қалудамыз. Олардың әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленіп тұратыны да бар. Сондай ерекше өнертабыстың бірі - флешкаға айнала алатын SwivelCard визит карточкалары.

SwivelCard – USB дискі орнатылған кәдімгі қағаздан жасалған визит карточкасы. Оның бір ерекшелігі - басқа қолға берілгеннен кейін де премиум карточка ішіндегі мәліметтерді жаңартуға болады.

SwivelCard не істей алады?

KICKSTARTER компаниясы USB құрылғысына айнала алатын жаңа премиум қағаздарды патенттеп алды. SwivelCard арқылы өз компанияңыздың таныстыруы, фото-суреттері, бейнебаяндарымен, байланыс ақпараттарымен бөлісе аласыз.

Желі арқылы аналитика жасауды қамтамасыз ету бағдарламасы сіздің карточкаңызды қандай мақсатпен пайдаланылып жатқанынан хабар береді. Карточкадан алыс жерде отырып-ақ ішіндегі ақпаратты өзгертуге де, өшіруге де болады. Мұндай өзгертуді барлық карточкаға немесе жеке карточкаларға да жасауға болады.  Егер белгілі бір клиент компания сайтының бастапқы парақшасына емес, бірден талап-пікірлер бетіне кіргенін қаласаңыз, өзгертуіңізге болады.

Жинақ бағасы

SwivelCard-тың әрқайсысы 200 визит карточкасынан тұрады. Стандартты карточкаларда есім мен байланыс ақпараттары жазылған, олардың бағасы 379 АҚШ долларына дейін бағаланған. Ал толық ақпараттар енгізілетін карточкалардың бағасы 419 доллардан жоғары.

Алғашқы SwivelCard

SwivelCard Mini


Егер толық жиынтықты алуға дайын болмасаңыз, жаңа технологияны тексеру үшін SwivelCard Mini карточкасын сынап көріңіз. Бұл мини-карточканың қызметі дәл толық карточкалардағы сияқты, тек көлемі жағынан шағын болып келеді.

Карточкалардың дизайны

Қазіргі күнге дейін бұл карточкалардың 8 түрлі дизайны жасалған:

Нарыққа шығарылуы


Тамыздан қыркүйек айына дейін: Жоба авторлары Kickstarter компаниясымен жұмыс жасап жатыр. Әзірге карточкаларды бүкіл әлемге таныстыру, жарнама жасау шаралары жасалуда.

Қыркүйектен қазанға дейін: Инженерлер тобы карточканың соғұрлым сапалы, әрі таң қаларлық болуын қадағалап, карточканың қызметін одан әрі дамытпақ.

Қазан: Шығарушы компания алғашқы өнімдерін нарыққа шығармақ. Ең алғашқы сатып алушыларға арнайы сыйлықтар да дайындалған. 

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: kickstarter.com

Оқи отырыңыз:

Сезімтал визит карточкасы

Iрімшік үгетін визитка (видео)

Y. Smaghul