Картоннан жасалған камера

Картоннан жасалған камера

Автор: ikeauk

Нағыз қызық деп осыны айт. Әлемнің ең қызықты айшықтарының бірі осы шығар. IKEA үйге арналған швед тауарлар жүйесі түгелдей дерлік картоннан жасалған экологиялық сандық камера жасап шығарды.   

Камерамен 40 кадр түсірген соң, міндетті түрде утилизацияға жібересіз. Бұл да кез келген өндеуге жіберетін аппарат іспетті. 

Осынау сандық құрылғы IKEA компаниясының ойлап тапқан төл жаңалығы. Әрі бұл компания күн өткен сайын бұзылып бара жатқан экологияны ескеріп, осы бір камераның табиғаттың алынбас бөлшегіне айналарына сенімді. Тағы бір жаңалық, сатып алушылар өз жиһаздарының суреттерін дүкеннің ресми веб-сайтында жариялауға мүмкіндік алады.

Айтпақшы камераның аты - Knappa. Енді әлемнің көптеген дүкендерінде тегін таратылатын болады. Әрине, компанияның тікелей қолдауымен.

Білгіңіз келсе, камераны швед дизайнері Йеспер Коутхоофд жасап шығарған. Камера батарея арқылы жұмыс істейді, сонымен қатар, кіріктірме USB порты арқылы компьютерге қосылу мүмкіндігі де қарастырылған. 

Сандық камераның пайда болуы - IKEA компаниясының қазіргі таңдағы ең үлкен жетістігі. Аталған компания бұған дейін үй кинотеарлары топтамасын жасап шығарған еді.


Ж. FM