TouchPico – қабырғаңызды жандандыратын гаджет

TouchPico – қабырғаңызды жандандыратын гаджет

Ағымдағы жылдың басында электроникалық технологияларды жабдықтаушы Touchjet компаниясы CES халықаралық көрмесінде Touchpico проекторының жобасын ұсынған болатын. Енді Android платформасында Wi-Fi арқылы ғаламтормен жұмыс істей алатын жаңа өнім өндіріске дайын екенін компания басшылығы хабарлайды.

TouchPico көлемі екі фалбеттің ретінше қойғанымен бірдей келеді. Қалтаға сыйымды, ыңғайлы гаджет болады деп сендіреді. Расында, жаңа проектордың ерекшелігі кез келген смартфонның дисплейін көшіріп, қабырғада көрсетпек. Оған қоса, қабырғадағы бейнені touch screen форматында қозғалтуға болады. Жаңа технологиялық гаджет кеңселер мен мектептерде көрнекі құрал ретінде қолданылуы мүмкін. Тіпті балалардың ойын құралына айналуы ғажап емес.

TouchPico диагоналі 80 дюйм болған кез келген қабырғада қажетті ақпаратты көрсете алады. Ал clicky деп аталатын, арнайы бағдарламаланған қалам сізге смарт жанасуға мүмкіндік береді. Clicky көмегімен қабырғаға жанасқан бойда, ақпарат тасымалдағыш инфрақызыл сәулелер проекторға қимылдың болғанын жеткізеді.

Әзірге жапондық компания өнімнің қашан сатылымға шығатыны туралы ақпарат бермеген. Дегенмен, гаджет CES халықаралық көрмесінің осы жылғы форумында таныстырылғандықтан, үстіміздегі жылдың соңына дейін өндірілетін болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.cnet.com

Ж. Өрісбай