74 долларға бағаланатын компьютер

74 долларға бағаланатын компьютер

Таң қалмай-ақ қойыңыз. Бұл расында да толыққанды компьютер. Естеріңізде болса, біз сіздерді алақанға сиятын компьютермен таныстырып өткен болатынбыз. Бүгінгі әңгімеміз өткен тақырыптың жалғасы болмақ.

Қытай елінде жаңа флешка-компьютердің сатылымы басталып та үлгерді. Құрылғының басқарылуы Android операционды жүйесімен іске асырылады. Бұл кішкентай есептеуіш машинаның иесі болу үшін 74 АҚШ долларды қалтаңыздан шығаруға дайын болыңыз. Құрылғының басты миы 1,5 ГГц жиілікте жұмыс істейтін AllWinner A10 атты процессоры. Оперативті жадының көлемі көп болмағанымен, 512 МБайт қарапайым операцияларды іске қосуға жетеді. Іштей орнатылған 4 Гбайт жады құрылғының ішіне керекті ақпаратты жаза аласыз. Айтпақшы, ғаламторға шығу үшін құрылғыда Wi-Fi модулі қарастырылған. Ал графикалық 3D-процессордың көмегімен жоғары сапалы Full HD бейнелерді тамашалай аласыз. Ал іштей орнатылған жады көлемі сізге аз болса, microSD карталарына арналған ұяға жады құрылғысын орнатып, қажетті ақпараттарыңызды сақтап, бос орын туралы уайымдамауыңызға болады.

MK802 атты флешка-компьютердің сыртқы пішіні қарапайым сағыз пачкасына ұқсайды. MK802 өлшемдеріне келетін болсақ: компьютердің ұзындығы 8,8 сантиметр, ені 3,5 сантиметр, биіктігі 1,2 сантиметрді құрайды. Құрылғыны аса ауыр деп те айта алмаймыз. Өндіруші таратқан ақпаратына сенетін болсақ, есептеуіш машинаның салмағы бар-жоғы  200 грамм шамасында.

MK802 үлгісін үйреншікті компьютерге ұқсату үшін құрылғыға сымсыз қосылатын тышқан мен пернетақтаны қосуға болады. Сондай-ақ HDMI тіркеуіші арқылы компьтерге монитор не сұйықкристалды, немесе LED-дисплейді қосып, қажетті операцияларыңызды орындай аласыз.

Сурет:3dnews.ru