Бүгін – жүйе администраторлары күні

Бүгін – жүйе администраторлары күні

Жыл сайын, шілденің соңғы жұмасында корпоративті және үй желілерінің, мәліметтер базасының, пошта жүйелерінің, бағдарламалы жүйелердің администраторлары осы күні кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл күн америкалық нұсқада  — жүйелік администраторға алғыс күні (System Administrator Appreciation Day) деп аталады.

Бұл мерекені алғаш енгізген америкалық жүйелік администратор Чикаго Тэд Кекатос (Ted Kekatos) болды. Ол жүйелік администраторлар да бір кезек қолданушылардан алғыс алып, өздерін қуанышты сезіну керектігі туралы ойын ортаға тастады. Бұл идея көпшілік тарапынан қолдауға ие болып, 1999 жылы 28 шілде күні алғаш рет аталып өтті.

Бүгінгі ақпарат пен техниканың дамыған заманында «көзге көрінбейтін майданның қаһармандары» жоғарғы сұранысқа ие. Олар кішкентай бір орталықтардан бастап алып компаниялардың табысты қызмет етуі үшін аса үлкен еңбек сіңіреді.

Жүйелік администратор – электрондық оқу ақпараттық жүйесінің әкімшісі. Ол - электрондық оқу ақпараттық жүйесі есептік жазбаларының құрылуы мен жойылуына, оның модулін өкілетті өзгертуіне жауап беретін тұлға.

Жүйелік администратордың міндеті:

Локальді жүйенің қалыпты қызметін қадағалап, желінің қауіпсіздігін жүзеге асырады әрі пайдаланушылардың қателерін өңдейді; Антивирустық қорғауды іске қосады; Инфрақұрылымның даму мониторингін дайындайды; Мәліметтер қорының мұрағатталуын, жинақталуын қамтамасыз етеді.

Жүйелік администраторлардың құқығы:

Желілік жүйені қолдану ережелерін дайындайды, өзгеріс енгізеді, желілік жұмыстардың тиімділігін арттыру туралы ұсыныстар қосады. Лауазымдық міндетін жүзеге асыру үшін әкімшілік басшылығынан жағдай тудыруды талап етеді.

Жүйелік администраторлар нені білу керек?

Электрондық оқуды басқару және құқықтық құжаттарды; Әкімшіліктің ақпараттық-есептеу жүйелік желісін құру; Бағдарламалардың тілі мен әдістемесін; Жөндеу жұмыстарының принциптерін; Техникалық құжаттарды рәсімдеу және еңбек заңдарының негіздерін;

Жүйелік администраторлар неге жауапты?

Пайдаланушыларды дер кезінде тіркемегені үшін; Техника қауіпсіздігін сақтамағаны үшін; Техникалық құралдарды дұрыс пайдаланбауды әкімшілік (мектеп, аурухана, т.б.) басшысына хабарламағаны үшін.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: techno.bigmir.net

Н. Айдархан