"Апорт" моллы: "Технодомнан" смартфондарға шолу

"Апорт" моллы: "Технодомнан" смартфондарға шолу

Жаңа технологияның шарықтап даму заманында смартфондардың бірін танып білемін дегенше, екінші жаңа нұсқалары шығып кетіп жатыр. Осыған орай, massaget.kz оқырмандары үшін Samsung Galaxy S5, Samsung Galaxy Note Pro, LG G3, HTC One (M8), Sony Xperia Z2 смартфондары мен планшетіне шолу жасадық. Шолуды "Апорт" моллындағы "Технодом" электроника дүкенінің сатушы-кеңесшісі Диас Такиев жасады.


Samsung Galaxy S5 смартфоны


Samsung-тің жаңа смартфоны өзінен бұрын шығарылған модельдерінен артықшылығы осыған дейін қолданылуға мүмкіндігі жетпейтін камерасы 16 мегапиксельді құрап отыр. Өте жылдам автофокусы бар. Небәрі 0,3 секундта негізгі нысанды анықтап көрсете алады (S4 моделі осы процеске 1 секундты қажет ететін). Суды өткізбеу функциясы одан да дамытылған.

Соңғы шығып жатқан смартфондардың ішінде артындағы қуат жинақтағышын ауыстыруға мүмкіндік беретін жалғыз смартфон осы S5 болып табылады. Одан бөлек мұның камерасы сағатына 2800 мили-ампер жылдамдықпен түсіреді. Өзінің жеке жады – 2 Гигабайт. Ал қосалқы жады ретінде, әзірге ешбір смартфонның қауқары жетпейтін 128 Гигабайтты салуға болады. Нақтырақ ішкі функцияларына тоқталатын болсақ, Download Buster деген функциясы ең соңғы шығарылған функциялардың бірі. Ол үлкен форматтағы кез келген файлдарды сақтауға мүмкіндік береді.

Екінші бір маңызды функцияларының бірі – Мастер қуат үнемдегіш. Бұл функцияны қолданған кезде, экранда тек қара пиксельдер ғана көрінеді. Ал жалпы қуаты 12,3 күнге жетеді. Аталған функция шұғыл жағдайда смартфоныңыздың қуаты сөніп қалуынан сақтайтын болады. Сосын ғаламторға жұмсалатын қаржыңызды үнемдейтін функциясы да жаңа смартфонда қарастырылған. Ғаламтор бетін ақтарғанда немесе әлеуметтік желілерде отырған кезіңізде мобильді ақпаратыңыз жұмсалып, ал шығып кеткенде, автоматты түрде өзі өшеді.

Сондай-ақ, фотоға түсіру кезінде сіз бір уақытта екі бірдей нысанды немесе адамның бейнесін фокусқа алуыңызға болады. Сосын бір суретті алған кезде, сізге суреттің төрт түрлі нұсқасын ұсынады. Оның екеуі жақын фокуста болса, қалғаны алыс фокусты көрсетеді.  Бұл да ешбір смартфонда жоқ функциялардың бірі.

Samsung Galaxy Note Pro планшеті


Бұл қазіргі планшеттердің ең соңғы моделінде шыққан сегменті болып табылады.  Бұл планшеттің алдыңғы моделі 10 дюймдік мөлшермен шыққан болса, жаңа нұсқасы 12,1 дюйммен жаңартылған. Оның негізгі ерекшелігі бейімделгіштігі болып табылады. Мысалы, планшетке кәдімгі пернетақта мен тышқан жалғап, ноутбук ретінде пайдалансаңыздар да болады. Оған қоса бизнес сегменттегі қолдану мүмкіндіктерін беретін Blog Pixel, Hango Office секілді жаңа функциялары қамтылған.

LG G3 смартфоны


Корейлік LG компаниясы ұсынған смартфондардың ең соңғы моделі. Оның басты артықшылығы видеоны HD сапада көруге мүмкіндік беруі болып табылады. G2 моделімен салыстырар болсақ, жаңаның қуат жинақтағышы көбірек уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қалған функциялары алдыңғы нұсқасынан онша айырмашылық танытпайды.

HTC One (M8)


Бұл смартфонның артықшылықтарына тоқталар болсақ, қазіргі Android платформасын қолданатын қалтафондардың ішіндегі алюминді корпусқа ие әзірге жалғыз смартфон болып отыр. G3-тің арты монолитті түрде құрастырылған, яғни, қуат жинақтағышын немесе басқа да ауыстыруға болатын бөлшектерін ауыстыру мүмкіндігі жоқ. Тек арнайы орталықтарда жасаудың амалы болады. Суретке түсіру процесі ультрапиксельдердің көмегімен іске асады. Нақтырақ айтсақ, пиксельдердің көлемін үлкейтіп, ал олардың санын азайту арқылы суреттің немесе видеоның сапасын арттыруға болады.

Sony Xperia Z2


Xperia-ның жаңа моделі сыртқы дизайнымен ерекшеленеді. Сонымен қатар,  оның сыртқы корпусы отқа күйдірілген әйнектен жасалынған. Бұл корпустың болаттан да мықты болатынын көрсетеді. Мұның да қуат жинақтағышы ауыстыруға келмейді. Камерасы 20,7 мегапиксель болып келеді.

Арнайы massaget.kz үшін: Жолдас Өрісбаев, Қарлыға Бүйенбай

Сурет: massaget.kz, yvision.kz

Ж. Өрісбай