Сымсыз қуаттағыш сиқыр емес

Сымсыз қуаттағыш сиқыр емес

Өткен 2013 жылы «ауада қуатталатын» құрылғылардың 5 миллионға жуық данасы сатылды. Ал 2014 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіштің 100 миллионға жетуі мүмкін. Мұндай дамуға Intel мен Integrated Device Technologу-дің шығаратын чипсеті әсер етеді деп болжанады. Бұл құрылғы ультрабуктерге, моноблок-компьютерге, смартфонға бағытталған.

Негізінде сымсыз қуаттағыш (зарядка) пайда болғанына бес жылдай уақыт болды. 2009 жылдың соңында Palm Pre коммуникаторы таныстырылымға шығарылды. Ал 2011 жылы LG, Powermat және Duracell компаниялары сымсыз қуаттарын ұсынады.

Ал өткен жылы шыққан Nokia Lumia 920 смартфонының негізгі изюминкасы осы «ауада қуатталатын» құрылғылар еді. Аккумулятор қосымшасын толтыруды бастау үшін оны арнайы «жастыққа» қою керек. Үдеріс құрылғы корпусы тұғырдың бетіне тигенде ғана басталады.

Nokia компаниясы Lumia 920-мен байланысты сымсыз қуаттағышы сатып алушылардың назарын аударып, Apple-мен бақталас болуды көздеп отыр. Осы мақсатта Nokia HTC, Sony, Samsung компанияларына қосылып, QI қабылады. Бұл – сымсыз қуат көзінің Консорциумы жасап шығарған фирмалық стандартты интерфейс болып табылады.

«Сымсыз қуаттағыш» термині  индуктивті қуаттағышқа қатысты айтылады. Бұл жаңа технология  ауыспалы магнитті өріс жасайтын қуатты станцияны пайдаланады. Индукциялық катушкаға (орағыш) сәйкес келетін құрылғы өрістен энергия алады. Айта кетейік, сымсыз тіс пасталары ұзақ уақыттан бері сымсыз қуаттағышты пайдаланып келеді. Алайда, өте төмен әсер мен баяу қуаттау үдерісі көптің көңілінен шықпайтын. Оларды күніне бір-екі немесе аптасына бір-екі рет пайдаланатын болғандықтан, жабулы қазан күйінде қала берді. Ал бұл жаңа құрылғы аталған кемшіліктерден ада және сулы қолмен ұстауға да болды. Біліңіз, индуктивті қуаттағыш ешқандайда магия емес.

Иә, индуктивті қуаттағыш өте ыңғайлы, алайда шағын радиус негізгі проблемаға айналып отыр. Бұл құрылғының ыңғайлылығын азайтады. Радиус өзгере ме, жоқ па? Ол әзірге нақты емес. Дегенмен, микротолқынды пештерді, тоңазытқыштарды қуаттайтын сымсыз құрылғылар шығып жатса таңғалмас едік.

Сымсыз қуаттағыш аса ауқымды потенциалға ие. Адамдар осы жоба бойынша ғасырлар бойы қаншама тер төкті. Егер біз энергияны ешбір сымсыз бере алсақ, қаншама тұрмыстық электрониканы, инфрақұрылымды игере алған болар едік.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: quke.ru