Фитнес гаджеттері

Фитнес гаджеттері

Фитнеске арналған гаджеттердің күн өткен сайын танымалдылығы артып келеді. Бұл адамдардың салауатты өмір салтына көңіл аудара бастағанын да білдіреді. Себебі кіріктірілген құрылғылардың арқасында фитнес-гаджеттер өте жеңіл болып, денеңізге жақындатып қойсаңыз, басқан қадамдарыңыздың санын көрсетіп беріп отырады. Көпшілігі ұйқының сапасы мен ұзақтығын сараптайды, басқалары альтиметрдің көмегі арқылы сіз шыққан биіктікті, баспалдақтар санын айтып, қысымды өлшей алады. Фитнес-гаджеттер жұмысының басты компоненті – мобильді девайстармен және компьютермен өзара байланыстылығы болып отыр.

Жоғарыда аталған мүмкіндіктерді ұсынатын құрылғылар iPhone, iPad және iPad mini-мен жұмыс істей алса, басым бөлігі ОС Android, Windows және Mac OS X-мен байланыста екен.

Ереже бойынша, фирмалық және арнайы жасалған мобильді қосымшаның арқасында белсенділік, ұйқы, жойылған калория туралы ақпаратты ғана емес, желінген тамақтың да көлемін анықтауға болады. Фитнес-гаджеттер мұнан басқа өз алдына әртүрлі жоспарлар қойып, оның орындалуын қадағалап, нәтижелерді әлеуметтік желілерге жариялай алады.

Фитнес-гаджеттер бірнеше түрлі пішінде шығарылып жүр. Соның ішіндегі ең танымалы – білезіктер. Біз қазір фитнес-білезіктердің арасында ең көп сұранысқа ие болған Jawbone, Nike және Fitbit туралы сөз қозғамақпыз.

Jawbone UP24

Jawbone атты жаңа білезіктің жаңа технология саласындағы толық атауы – Jawbone UP24. Bluetooth-модульмен жабдықталған құрылғы толықтай сымсыздандырылған. Айта кетейік, Jawbone UP 2.0 аудио шығыстар арқылы смартфонмен синхрондалып, сыммен жалғастырылған.

Jawbone UP функциялары — жеңіл және терең ұйқылардың фазасын бақылау және қожайынын ұйқының жеңіл фазасында (ұйқыға оңай оянатын сәт) ояту. Бұл білезіктің дымқылдылыққа төтеп беру қасиеті болғанымен, шомылғанда шешіп қоюға кеңес беріледі.

Fitbit Force

Force деп аталатын фитнес-трекердің жаңа нұсқасын жасаушылар жоғарыдағыдан өзгеше жолды таңдаған. Оларға Bluetooth-модульді қосу қажетсіз болды, себебі, алдыңғы жасалған білезікте дайын тұр еді. Есесіне функционалды OLED-дисплей мен батырма қосылған және құрылымына да бірнеше өзгеріс енгізген. Fitbit Force-тың алғашқы нұсқасы екі бөліктен: білезік пен капсуладан тұрса, кейінгісі бірыңғай корпуста орындалған. Fitbit Force уақытты, басылған қадамдар санын, арақашықтықты, жойылған калорияны, бағындырылған баспалдақ санын, ұйқы уақытын, белсенді минуттарды көрсетіп, оятар қызметін атқара алады.

Nike+ FuelBand SE

Спорт индустриясында үлкен биіктерді бағындырып жүрген Nike компаниясы жаңа фитнес-трекер дисплейді білезік кейпінде жасап шықты. FuelBand SE финтнес-гаджетінің металды корпусы  қызыл, ашық жасыл, алқызыл түсті кесілген пластиктермен жабылған. Толыққанды қара түрлері де бар. Nike эволюциялық жолмен қадам жасауды шешіп, алдыңғы шыққан Nike+FuelBand құрылғысын жақсартуды мақсат тұтқан. Экранда сіздің бір күндік физикалық белсенділігіңіз, жинаған ұпайыңыз шығып тұрады. Батырманы екі рет басу арқылы уақытты көре аласыз.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: chaborra.ru, the-clu.com