Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Highscreen Boost 2 – екі батарея және екі сим-карта

Highscreen Boost 2 – екі батарея және екі сим-карта

Highscreen Boost 2 – екі батарея және екі сим-карта

Қазіргі заманғы мобильді индустрияда смартфондар мен планшеттерде оның жылдамдығы, дисплей сапасы тағы сол сияқты маңызды қызмет түрлерімен қатар ондағы орнатылған аккумуляторлар сыйымдылығының алатын орны зор. Алайда жетекші өндіруші компаниялардың басым көпшілігі басты назарды қуатты процессор, үлкен оперативті жад пен дюймдегі нүктелерге аударып, көп жағдайда гаджетті сыйымды аккумулятормен қамтамасыз етуді екінші кезекке қойып жатады. Осы олқылыққа байланысты ресей-қытай бірлескен Highscreen компаниясы тың бағытпен жұмыс бастапты. Ол өзінің жемісін де бере бастады. Компания басты назарды телефонның автономдығы мен оның арзан бағасына қойған екен. Осылайша олар аккумулятор сыйымдылығы бақандай 4 160 мАсағ болатын Highscreen Boost құрылғысын өмірге әкелді. Енді міне арада бірнеше уақыт өткеннен кейін компания екі бірдей SIM-карта мен сыйымдылықтары 3000 мАсағ және 6000 мАсағ құрайтын екі батареясы бар төл телефонының жаңа буынын шығарып отыр. Өндірушілердің сөзіне сенсек, осындай қуатты батарея көмегімен смартфон екі апта бойына үздіксіз жұмыс жасай алады екен. Енді осы гипотезаның шын өмірде рас екеніне көзімізді жеткізіп көрейік. Басқаша айтқанда сужаңа гаджетті толық сынақтан өткізбекшіміз.

1

Сыртқы келбеті

Сатып алушыға комплект ішіне стандартты жабдықтардан бөлек (смартфон, қуаттағыш, microUSB кабелі және қарапайым гарнитура сымы), екі бірдей батарея мен екі артқы қақпақ кіреді. Батареялар өлшемі жағынан да, сыйымдылығы жағынан да бір-бірінен ажыратылады. Сыйымдылығы кіші аккумуляторы (3000 мАсағ) бар смартфон қалыңдығы 9,8 мм құраса, ал үлкен сыйымдылықтағы батареяны қолдайтын (6000 мАсағ) телефон қалыңдығы 15 мм болады. Яғни, қазіргі заманғы сәнді смартфондар үшін шындығын айту керек, тым қалың. Бір әттеген-айы, екінші нұсқасының қақпақ астында көп мөлшерде бос орын қалған. Оған мысалы, көлемі 3000 мАсағ болатын аккумулятор оңай сыйып кетеді. Осының салдарынан, үлкен батареялы құрылғыны қолданған кезде смартфон қақпағын қысып немесе оны сілкісеңіз, сықырлап, артық дыбыстар шығара бастайды. Смартфонды іс жүзінде пайдалану аса ыңғайлы деп айта алмайсыз. Біріншіден салмағы жеңіл емес (203 грамм), өте қалың әрі қолға ұстағанда тым дөрекі көрінеді. Ал телефонның кішкене батареясы бар нұсқасында жағдай керісінше – қолдану өте ыңғайлы.  

1

Телефон дизайнында тік сызықтар мен бұрыштарға көр мән берілгендігі бірден байқалады. Гаджет корпусы бұлыңғыр (матовый) пластиктен жасалған. Сол жағында дыбысты реттегіш батырма орнатылған. Ал оң жағына бұғат қою мен тағы да бірнеше қызмет түрін (сыртқы және артқы камераларды іске қосып немесе музыка ойнатып және экран скриншотын жасауға) атқаруға мүмкіндік беретін батырма қойылған. Өкінішке орай, камера іске қосылып тұрған кезде батырмаға бассаңыз ол суретке түсіре алмайды. Жоғары жағында microUSB порты мен құлаққапқа арналған тетік орын тепсе, одан төменірек микрофонға арналған тесік бар. Артқы бөлігіне жарқылы бар 8 мегапиксельді камера мен динамик қойылған.  

Гаджеттің алдыңғы бетін 5 дюймды экран алып тұр. Оның сәл астында сенсорлы түрде басқарылатын «Мәзір», «Үйге» және «Артқа» батырмалары орын тепкен. Үшеуі де экранда емес, корпустың бетіне жапсырылған. Олар жәй уақытта сөніп тұрады да, саусақ тигенде ғана қосылады.

Экран

Гаджет жақсы сападағы жарқын IPS-матрицалы 5 дюймды экран мен мүмкіндігі 720x1280 нүктелі (294 ppi) экранға ие болған. Одан бөлек, ауа қабатының жоқтығы себепті ұсақ шрифтер таза әрі сапалы көрінеді (Full HD сапамен салыстырғанда айырмашылық жоқтың қасы). Максималды жарығы 405 кд/м2 құраса, контраст 1-ге 923 болады. Алайда оны вертикалды бұрыштан ауытқыза бастасаңыз, ол түсе бастайды. Экранның басқа сәулелерге қарсы тұру қасиеті бюджетті модельдерде жоғары деңгейде орындалған. Сондықтан күндіз, далада телефонның беті салыстырмалы түрде анық көрінеді. Дегенмен ақ түстің балансын қолмен реттеуге мүмкіндік қарастырылмаған. Ал тачскринін сізімтал деп айтсақ болады, 10 дейінгі жанасуды айқын таниды. Экранның қасиеттерін қорытындылап айтқанда, оған құрылғыға лайықты етіп жасалған деп баға беруге болады.  

Капот астында

Highscreen процессорге үнемдемеуді жөн көргені бірден байқалады. Жиілігі 1,2 ГГц болатын төрт ядролы Cortex А5-пен қатар девайсын Qualcomm MSM8225Q чипімен жабдықтаған. Ал графикаға Adreno 203 жауап береді. Смартфондағы оперативті жад 1 ГБ болса, флеш (немесе тұрақты) жады 4 ГБ құрайды. Жүйе оның 1,3 ГБ ұстап қалады. Дегенмен жад көлемін microSD картасы көмегімен 64 ГБ ұлғайтуға әбден болады. Сондай-ақ 20 ГБ жадты 4Sync сервисінде тегін пайдалануға да мүмкіндік қарастырылған.

Өнімділігі жағынан құрылғы мінсіз деп айта алмайсыз. Бенчмарктер тек Galaxy S2 деңгейінде нәтиже көрсетеді. Ал жүйенің интерфейсі салыстырмалы түрде жаман емес. Бірақ «ауыр» ойындарды жүктеп, оны іскен қосқан кезде смартфон үлкен кедергілерге тап болатыны байқалады. Динамигінің де олқылықтары жетерлік. Максималды дауысқа қойсаңыз, діріл бірден байқалады. Осы дауысқа байланысты тағы бір кемшілік – егер сіз телефонға қарапайым құлаққаптарды қосып, онымен сөйлесемін десеңіз, онда оларды сөндіруіңіз шарт. Әйтпесе микрофон іске қосылмайды. Артықшылығы жағынан гаджеттің жұмыс жасау кезінде қатты қызып кетпейтінін айтсақ болады.

Смартфонда microSIM-картаға арналған екі тетік қарастырылған. Оны телефонның басты плюсі десек әбден болады. Алайда осындай шешіммен жасалған көпшілік құрылғылардағыдай, гаджетте бір ғана радио модуль орнатылған. Сондықтан екі картамен бір уақытта сөйлесіп немесе 3G интернетті қолданамын деп әуреленбей-ақ қойыңыз. Сымсыз байланыс технологиялары жағынан Wi-Fi 802.11 a/b/g/n и  Bluetooth 3.0 қызметтерін айта аламыз. Өкінішке орай, мұнда LTE және NFC-ке орын берілмеген.

Сондай-ақ 8 мегапиксельдік камерасы бар модульден де бір үлкен артықшық пен жаңалық іздеудің қажеті шамалы. Түсті беру, детализация, шудың көп болуы жағынан проблемалар жетерлік. Бұл мәселелер видео түсіру процесіне де қатысты. Камера оны 1280 х 720 нүктелі мүмкіндікке дейін түсіре алады. Оның қасында осыдан үш жыл бұрын жарыққа шыққан Galaxy S2 смартфонының орындауындағы видео әлдеқайда сапалырақ. Әйтсе де телефон камерасы көмегімен бір ретке суретке түссеңіз болады. Айтпақшы, камерада автофокустың да бар екенін айта кетейік. Ал фронтальды камерасы 2 Мп құрайды. 

Автономдығы

Енді біз гаджеттің шешуші қызметіне тоқталайық: смартфон өндірушілер өздерінің бюджетті құрылғыларын сыйымдылығы 3000 мАсағ болатын батареямен қамтамасыз етуге бел бууы екіталай. Ал біздің жағдайда компания өз өніміне орнатылған батареядан бөлек, оның жинақтамасына 6000 мАсағ аккумуляторды да сала кетуді ұмытпаған. Енді басты сұрақ – жалпы сыйымдылығы 9000 мАсағ болатын аккумулятор телефонда екі апта бойы үздіксіз қуатпен қамтамасыз ете алады ма? Былай қарағанда мүмкін іс сияқты. Алайда ол үшін телефонға қол ұшыңызды тигізбей және оны автономды режимге қоюыңыз керек.

3 

Стандартты күндізгі қолданыс кезінде (бір-екі сағат музыка тыңдау, жарты сағат ойын ойнау, дәл осындай уақыт интернетке кіру, 20 минут сөйлесу және т.с.с) кішкене батарея орнатылған смартфонның шамасы көп дегенде бір тәуліктен аса уақытқа ғана жетеді. Ал үлкен сыйымдылықтағысының қуаты үш күн болады.

Әрине Android операциондық жүйесі негізінде жұмыс жасайтын смартфондар үшін үш тәулік бойы үздіксіз қызмет атқару үлкен жетістік. Дегенмен бұл жағдайда ол үшін көптеген детальдарды құрбан етуге тура келген. Кішкене аккумулятор 2,5 сағатта толық қуат алса, үлкені үшін 5 сағат қажет.

Бағдарламалық қамтамасыз ету

Highscreen Boost 2 смартфоны өзгеріске ұшыраған Android 4.1.2 Jelly Bean операциондық жүйесімен қызмет атқарады. Ал баптауында құрылғының қос сим-картамен жұмыс жасау режимін басқаруға болады. Қалған қызмет түрлерінде соншалықты жаңалық көрінбейді.

Қорытынды

Highscreen Boost 2 смартфоны ерекше болып шыққаны рас. Оның басты артықшылығы да сол оның батареясы. Алайда оның күші компания уәде еткендей, екі аптаға созыла қоймайды. 3000 мАсағ батареяның «өмір сүруі» басқа смартфондардан еш ажыратылмайды. Ал одан көлемдірек 6000 мАсағ батареяны телефонға салған кезде, оның салмағы бірден ауырлап, қолданушыға үлкен ыңғайсыздықтар тудырады. Смартфондағы қуантарлық жәйт, ондағы екі бірдей сим-карта қызметі мен сапалы экран болып отыр. Ал қалған сипаттамалары бойынша құрылғының өзі қатарлы ортаңқол өнімдерден еш айырмашылығы жоқ. Шынын айту керек, дәл осындай смартфонның 55 000 теңгені құрайтын бағасы тым қымбат. Қорытындылап айтқанда, телефон ұзақ уақыт бойы қуатсыз жүруге мәжбүр саяхаттаушыларға арналған тамаша нұсқа. Күн астында экран да өз сапасын жоғалтпайды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: highscreen.org

664 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 28 наурыз 2014, 00:41
Пікірлер
+0
28 наурыз 2014, 12:58

2 батареялысы қызық екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...