Жұмысты қалаған жеріңізде істей беріңіз

Жұмысты қалаған жеріңізде істей беріңіз

Адам баласы бір жерде отырып жұмыс істеу заманынан әлдеқашан өтіп қойған сияқты. Себебі қазірде экзотикалық елдердің біріндегі жағалауда отырып жұмысын атқара беретін фрилансерлер көбеюде. Осы бір жаңа мамандықтың сұранысы бойынша технология да дамып келеді: мамандар бір ғана сөмкеге сиятын жұмыс столын жасап шығыпты.

«Мобильді кеңсе» жасаушылары Ник жән Бо Тринсиялар Сан-Франциско қаласының тұрғындары. Олардың OpenAire жобасы – адамның жұмысқа қолайсыз деп тапқан жерінде де қызмет атқаруға мүмкіндік беретін кішігірім кейс. Сөмке жеңіл ағаштан жасалған екен. Ал егер оны ашқыңыз келсе оң және сол жағындағы арнайы тартпаны тартып қалсаңыз болғаны – алдыңызға жұмыс столы шыға келеді. Оның дизайны ең бірінші кезекте қолданушыға барынша ыңғайлы болуы көзделіпті.

OpenAire құрылымының қолайлылығының арқасында сіз саябақта да, орман ішінде де, жағалауда да жұмысыңызды еш алаңсыз атқара бересіз. Ал сөмкені асынып жүрген кезде оның ағаштан жасалған сырты құлап кетсе де сынбайтын көрінеді. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lookatme.ru

А. Құлтай