iPhone 6 жаз соңында шығуы мүмкін

iPhone 6 жаз соңында шығуы мүмкін

Apple компаниясы iPhone смартфонының алтыншы нұсқасын үстіміздегі жылдың жаз соңында немесе күз басында шығаруы мүмкін деп жазады MarketWatch. Бұл туралы tengrinews.kz порталы хабарлап отыр. Мұндай болжамды мамандар тауар жеткізуші компанияның дерегіне сүйеніп жасаған.

Pacific Crest сарапшысы Энди Харгривстің айтуынша, жаңа смартфонға деген тапсырыстар шілдеден басталса, ал көпшілікке қыркүйек немесе қазан айларында жетеді екен.

Ал өз кезегінде UBS (бүкіл әлем бойынша түрлі қаржы қызметтерін атқаратын, Швейцариядағы ең ірі қаржы конгломераты) өкілі Стив Милунович тауар жабдықтаушы компанияның дерегіне сүйене отырып, iPhone 6 смартфонына тапсырысты маусым және тамыз айлары аралығында жасай беруге болатынын жеткізген.

RBC Capital сарапшысы Даг Фридман да жаңа смартфонның 2014 жылдың жаз айында шығатынына сені білдіргені.

Естеріңізге сала кетсек, Apple компаниясы жаңа смартфондарды екі жыл бойы тек қыркүйек айларында ғана таныстырып келген.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: techno.bigmir.net

А. Құлтай