iPhone 6 туралы 7 болжам

iPhone 6 туралы 7 болжам

Apple компаниясының iPhone 6 смартфоны туралы айта бастағанына жарты жыл уақыт болды. Сол уақыттан бастап оның қандай болатыны қызу талқыланып келеді. Trendymen.ru сайты өз кезегінде жаңа смартфонның қандай болатынына реалистік көзқараспен қарап, өз болжамын ұсынды. 

«Home» батырмасы

Мамандардың айтуы бойынша, Apple-дің жаңа буын смартфондарында «Home» батырмасы болмайды. Оның орнына сенсорлық батырма немесе барлық терезелерді басқара алатын арнайы қызмет болуы әбден мүмкін.

Жаңа экран

Alex Sandman концепті

Бұл буында ультраэкран болады. Алтыншы ұрпақта 1080р сапасы және пиксельдер тығыздығы көбірек болатынға ұқсайды.  

Жіңішке корпус

Martin Hajek концепті

Смартфонға жаңа функциялардың қосылғаны оның қалыңдай түсетінін білдірмейді, керісінше корпусы бірнеше миллиметрге жұқа бола түседі.

Қуат батареясының қызмет көрсету уақыты артады

Apple офистеріндегі күн энергиясын пайдалану туралы жобалар смартфонның да күн жүйесінен қуат алатын мүмкіндігінің болуына әсер етуі мүмкін.

iPhone 6 қисаюы мүмкін

Телефондардың «кірпіш» секілді қалыптан доғал бұрышты формаға айналуы жайында бүгінге дейін бір кітап жазып шығуға болатын мақалалар жазылған шығар. Мамандар бұл смартфонның дөңгеленген бұрышты болатынын болжап отыр.

Күш-қуаты артады

iPhone 6-да болатын А8 процессоры оның жұмыс өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұнда да қуаттағыш зарядының энергия мөлшерін жұмсау азайтылады.

Түстер қанықтығы

Экранның жаңа технологиясы үшін жан беріскен компания инженерлері бұл буында «нано-кванттық» нүктелер жайлы деректермен бөліскен еді. Ендеше, экранның мүлдем өзгеше қалыпқа енуі мүмкін екенін де айта кетейік.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: trendymen.ru

А. Құлтай