LG және ZTE компанияларының өнімдерімен таныс болыңыздар...

LG және ZTE компанияларының өнімдерімен таныс болыңыздар...

Mobile World Congress 2014 халықаралық көрмесінде корейлік LG корпорациясы LG G Pro 2 жаңа флагманынан бөлек, орта класстағы бірнеше смартфондарын ұсынды. Оның ішінде LG F70 аппараты да бар.

Жаңа құрылғы Android операциондық жүйесінің қазіргі таңдағы су жаңа нұсқасы Android 4.4 KitKat қоластында жұмыс жасап және 4G LTE ұялы байланыс стандартын қолдайды. Тұтқа 4,5 дюймды мүмкіндігі 800х480 пиксельді дисплеймен және 1,2 ГГц жилікте жұмыс жасайтын төрт ядролы процессормен жабдықталған. Оперативті жад көлемі 1 ГБ құраса, ал аппараттағы мәліметтерді 4 ГБ флеш жадта сақтайды. Оны microSD картасы есебінен 32 ГБ жадқа дейін ұлғайтуға әбден болады.

Смартфон 5 мегапиксельді негізгі камераға және VGA-мүмкіндігіне ие фронтальды камераға ие. Аккумулятор сыйымдылығы 2440 мА/сағ құрайды. LG F70 габариттері 127,2х66,4х10,0 мм.

Жаңа девайстың қашан нарыққа шығатындығы және қандай бағамен сатылатындығы жөнінде ақпарат жоқ.

MWC 2014 халықаралық көрмесі бізге екінші бір жаңа өнімді таныстырды. Ол ZTE компаниясының Firefox OS операциондық жүйесімен жұмыс жасайтын ZTE Open C және ZTE Open II атты қос бірдей өнімі.

1

Дәл осы операциондық жүйенің өзге де смартфондары сияқты жаңа құрылғылар да техникалық сипаттамалары жағынан қазіргі заманғы флагмандармен салыстырғанда, терезелері тең дей алмайсыз. Сондықтан олар өзге аудиторияға арнап жасалған сияқты. ZTE Open II смартфоны 3,5 дюймды, 480х320 пиксельді дисплеймен, Snapdragon 200 процессорымен және 256 Мб оперативті жадпен бірге 2 ГБ қолданушы мәліметтері мен қосымшаларды сақтау үшін арналған ішкі жадпен жабдықталған. Сондай-ақ ZTE Open II аккумуляторы да аса сыйымды емес - 1150 мА/сағ. Одан бөлек, 3G-желісі мен басқа да сымсыз технологиялардың біразын қолдай алады. 2 мегапиксельді камерасының да бар екендігін айта кетейік.

ZTE Open C смартфоны үлкенірек экранға ие - 800х480 мүмкіндіктегі 4 дюймды дисплей. Мұнда да Snapdragon 200 процессоры орнатылған. Алайда жоғарыдағы модельмен салыстарғанда екі есе көп оперативті жадпен жабдықталған. Ал флеш жадының сыйымдылығы 4 ГБ болады. Аккумуляторы да көлемдірек - 1400 мА/cағ. Камера мүмкіндігі 3 Мп.

Бұл құрылғының да қашан нарыққа шығатындығы және қандай бағамен сатылатындығы белгісіз күйде қалды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: geeky-gadgets.com

Б. Қосмағамбет