Ideum Platform 46 «ақылды үстелімен» таныс болыңыз

Ideum Platform 46 «ақылды үстелімен» таныс болыңыз

Соңғы кезде «ақылды сағаттардан» бөлек біздің өмірімізге «ақылды үстелдердің» біртіндеп еніп келе жатқаны байқалады. Міне, енді солардың бірін Ideum компаниясы таныстырып отыр. Жаңа Ideum Platform 46 «ақылды үстелі» аты айтып тұрғандай, 46 дюймды дисплеймен жабдықталған. Ал операциондық жүйе ретінде Android-пен жабдықталған.

Дәлірек айтсақ, Platform 46 алып гаджеті 3,7 ГГц жиіліктегі төрт ядролы Intel процессорын пайдалана отырып, x86 архитектурасында және Android 4.1 Jellybean нұсқасымен жұмыс жасайды. Сондай-ақ 16 ГБ оперативті және 500 ГБ ақтқыл дисктегі жадтарға ие болып отыр. Ал 46 дюймдық экранның мүмкіндігі 1920х1080 пиксельді құрайды.

Platform 46 биылғы жылы сатылымға шығады деп күтіліп отыр. Оның алдын-ала болжанған бағасы 7000$ құрайды. Сондай-ақ өндіруші компания дәл осындай бірақ екі бірдей операциондық жүйені қолдайтын құрылғы жасап шығаруды жоспарлап отыр.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: geeky-gadgets.com

Б. Қосмағамбет