Планшетке айнала алатын ноутбукқа шолу

Планшетке айнала алатын ноутбукқа шолу

Әп-сәтте планшетке айналып шыға келетін ноутбуктер (трансформерлер) қазіргі нарықта қарыштап дамып келеді. Әзірге олардың барлығы не Windows, не Android жүйелерімен жұмыс жасайды. Алайда олардың әрқайсысының өзінің кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Ал бұл мәселенің шешімі – қос құрылғыны әртүрлі операциондық жүйемен жабдықтау екеніне қалай қарайсыз? Мұндай шешім жаңа ASUS Transformer Book Trio ультрабугында (трансформерінде) орын алған.

1

Бір қарағанда кәдімгі ноутбук сияқты

2

Бөлініп алынған планшеті

5

Трансформер немесе ультрабук

ASUS Transformer Book Trio – әрбіреуі өздігінен жұмыс жасай алатын құрылғы. Командалары да қажет жағдайда бөлек беріледі. Компьютер бөлігінде Windows 8 операциондық жүйесі болса, планшетте Google компаниясының төл өнімі Android 4.2.2 (Jelly Bean) орнатылған.

ASUS Transformer Book Trio TX201LA ультрабугының техникалық сипаттамалары

 

Ультрабук

Планшет

Дисплей

11,6 дюймды, 1920x1080 (190 ppi), IPS

Сенсорлы экран

Сыйымды, 10-ға дейінгі бір уақыттағы жанасу

Процессор

Intel Core i5-4200U екі ядролы Intel Haswell (x86-64); 
номиналды жиілігі 1,6 Гц; 
режимдегі жиілігі 2,6 ГГц дейін Turbo Boost   
техпроцесс 22 нм HKMG Tri-Gate

Intel Atom Z2560: екі ядролы Intel Saltwell (x86-64); жиілігі 1,6 ГГц; техпроцесс 32 нм HKMG

Графическалық бақылаушы

Intel HD 4400, 1000 МГц дейін

Imagination Technologies PowerVR SGX544MP2, 400 МГц

Оперативті жад

4 Гбайт DDR3L-1600

2 Гбайт LPDDR2-1066

Жадтары

Қатқыл диск 500 Гбайт

16 Гбайт (13 Гбайт қолжетімді) + MicroSD

Ажыратқыштар

2 х USB 3.0 
1 x micro-HDMI 
1 x mini DisplayPort 
1 x гарнитураға арналған 3,5 мм ажыратқыш

1 х Micro-USB 2.0 
1 x USB 2.0 (док-станцияда) 
1 x MicroSD 
1 x гарнитураға арналған 3,5 мм ажыратқыш

Ұялы байланыс

Жоқ

Wi-Fi

802.11b/g/n/ac, 2,4/5 ГГц

802.11b/g/n, 2,4 ГГц

Bluetooth

4.0

3.0

NFC

Жоқ

ИК-порт

Жоқ

Навигация

Жоқ

Датчиктер

Жарықтандыру датчигі

Жарықтандыру датчигі, акселерометр/гироскоп, магнитометр (цифрлы компас)

Негізгі камера

Жоқ

5 Мп (2592x1944), автофокус, жарқылсыз

Фронтальды камера

1 Мп (1280x720), автофокуссыз, жарқылсыз

Қуат алуы

Алынбайтын аккумулятор 
Сыйымдылығы 33 Вт·сағ

Алынбайтын аккумулятор 
Сыйымдылығы 19 Вт·сағ

Өлшемі

305x194 мм 
Корпус қалыңдығы 23,6 мм

305x194 мм 
Корпус қалыңдығы 9,7 мм

Салмағы

1690 г

705 г

Операциондық жүйесі

Microsoft Windows 8

Google Android 4.2.2 (Jelly Bean)

Болжанған бағасы

200 000 теңге

Екі құрылғы бір-бірінен еш тәуелсіз жұмыс жасай алады. Сіз док-станцияны стационнарлы компьютер ретінде қолдана аласыз: оны сыртқы компьютерге қосып, жұмысқа тастай аласыз. Оны тек ноутбук қажет болған жағдайда ғана өзіңізбен бірге аласыз. Өзіңізбен планшетті ғана алып жүруіңізге де болады.

2

Ультрабуктың түрлі жағынан қарағандағы көрінісі 

Доктың жады мен планшеттің жады ажыратылған: компьютерде ол 500 ГБ-ті құраса, планшетте флеш-жад қана орналасқан. Ол 32 ГБ-ті құрайды. Сондай-ақ 16 және 64 ГБ-тық түрлері де бар.

1

ә

Transformer Book Trio ультрабугында операционды жүйелерді көрсетілген терезелерді браузеріңізде ашқаннаннан да жылдам алмастыра алады

Қорытынды

Бағасына келер болсақ, ноутбуктың басқаларымен салыстырғанда қымбаттау екені рас. Қазіргі бағасы 200 000 теңгеден аса. Ноубуктер әлеміндегі ендігі тренд осы бағытта болатын сыңайлы. Оған жетекші компаниялардың жаппай шығарып жатқан трансформерлері дәлел.

Планшеттер заман талабы болса, ноутбуктер жұмыс жасау үшін ыңғайлы құрылғы. Жақын болашақта соңғысының өндірістен алынып тасталуы орын ала қоймас. Сондықтан да, өндіруші компаниялар қос бірдей аппаратты бір гаджетте тоғыстырып, қолданушыларға керемет жағдай жасап отырғаны қуантады. Егер сіз планшет пен ноутбукты бөліп жарып қарай алмайтын болсаңыз, бұл құрылғы тек сізге арналады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: fonearena.com

Б. Қосмағамбет