Samsung GALAXY Black Edition смартфонымен таныс болыңыз

Samsung GALAXY Black Edition смартфонымен таныс болыңыз

Samsung Electronics компаниясы дизайнерлік буынға жататын Samsung GALAXY Black Edition смартфонының жарыққа шыққанын хабарлады. Компанияның флагмалық модельдерінің базасы негізінде құрастырылған осы буындағы смартфондар өзінің ықшамдылығы және көздің жауын аларлықтайа әдемілігімен ерекшеленеді. Тұтастай қара түсте жарық көрген оның корпусы былғарымен қапталған.

Ресейде жасалып, биылғы жылдың ақпан айының ортасына қарай сатылымға шығатын Samsung GALAXY Black Edition смартфоны сатып алушыларға талғамдарына сай қара түстің бірнеше түрімен ұсынылып отыр. Ал модельдер бойынша смартфон екі түрлі: Samsung GALAXY S4 Black Edition және Samsung GALAXY S4 mini Black Edition нұсқаларында сатылмақ.  

Осы буынның ішіндегі үлкені Samsung GALAXY S4 Black Edition моделі 4G LTE-мен қатар, қазіргі заманғы барлық байланыстарды қолдай алады. Ол 1,9 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын төрт ядролы процессормен, 2 ГБ оперативті жадпен, 5 дюймды Full HD Super AMOLED дисплейімен және де 13 мегапиксельді камерамен жадбықталған.

Құрылғы рамкасының жұқалылығы минималды болғандықтан, оған үлкен өлшемдік экранның еркін орналасуына мүмкіндік берген (тура Samsung GALAXY Note 3 смартфонындағыдай). Оның корпусының қалыңдығы 7,9 мм болса, салмағы 130 грамды құрайды. Samsung GALAXY S4 Black Edition корпусының ыңғайлылығы оның қолға еркін сыйып, оны басқаруға мүмкіндік береді. Ал артқы корпусын көмкерген былғары гаджетті әдемі етіп көрсеткеннен бөлек, ол қолда тұрған кезде оқыс қимылдар кесірінен сусып кетпеуге жағдай жасайды.  

1

Samsung Интеллектуалды пауза қызметі экран бетіндегі көріністерді сіздің құрылғыға қарағаныңызға байланысты басқара алады. Мысалы: егер сіз экраннан көзіңізді алатын болсаңыз, ойнатылып жатқан видео лезде тоқтатылады. Ал оны қайта жалғастыру үшін бар болғаны экранға қайта қарасаңыз жеткілікті. Сондай-ақ Samsung Интеллектуалды айналдыру қызметі браузер немесе электронды пошта терезелерін саусақсыз-ақ көзбен жоғары төмен жылжытуға мүмкіндік береді. Тағы да бір қызықты қызмет түрі Samsung WatchON Samsung GALAXY S4 Black Edition смартфонын тұрмыстық техникаларды, оның ішінде теледидар, телеприставкалар, DVD-плеер және де желдеткіштерді қашықтан басқаратын пультке айналдырады. 

Сондай-ақ жаңа өнім Samsung GALAXY Gear «ақылды сағатын» да қолдай алады. Ол қолданушының смартфонын қалтасынан шығармай-ақ, иесіне кіріс хабарламалар, қоңыраулар, электронды хабарлар жөнінде ескерткеннен бөлек, нөмірлерге телефон шалуға да мүмкіндік береді.

Құрылғы 4,3 дюймды HD Super AMOLED экранымен жабдықталған, екі ядролы жиілігі 1,7 ГГц болатын процессормен жұмыс жасайды. Сондай-ақ онда 8 мегапиксельді камера да орналасқан.

Samsung GALAXY S4 mini Black Edition стильді смартфоны негізінен қуатты әрі бірнеше қызмет түрлері топтастырылған, алайда ыңғайлы, шағын көлемдегі құрылғыларды пайдаланғысы келетін тұтынушыларға арнап жасалған. Ол 4,3 дюймды HD Super AMOLED экранымен жабдықталған.

S Health қызметі адамның физикалық жағдайы мен дене салмағын, сондай-ақ жайлы ұйықтау үшін не қажет екенін ауа ылғалдылығы мен температурасы және жүрек соғысының көмегімен анықтайды. Group Play технологиясы болса, фотолар алмасып немесе Интернетке қосылмай-ақ бірнеше қолданушылар арасында ойын ойнауға мүмкіндік береді. Ал S Travel зияткерлік қосымшасы қолданушысына кез-келген елге саяхат жасаудың ең тиімді нұсқасын көрсетіп, ондағы мейрамханалар мен басқа да маңызды туристік жерлерді таныстырады.

Смартфонның Samsung GALAXY S4 Black Edition және Samsung GALAXY S4 mini Black Edition модельдері Ресейде ақпан айынан бастап сатылымға шығады. Олардың әрқайсысының бағасы сәйкесінше 23 мың және 16 мың рубльге тең.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: Samsung Electronics

Б. Қосмағамбет