Flappy Bird: жұрт қызыққан жаңа ойын

Flappy Bird: жұрт қызыққан жаңа ойын

Мобильді жаңа ойын соңғы уақытта гаджет иелері (OS мен Android операциялық жүйесі) арасында кеңінен танылуда. 

Қосымшаны вьетнамдық Жуань Ха Донг есімді өнертапқыш жасап шығарыпты. Жүктелу (App Store мен Google Play) көрсеткіші тұрғысынан бүгінгі таңда көш басына ұзап шыққан. Мәліметтерге көз жүгіртсек, күніне миллионнан аса қолданушы өз гаджетеріне жүктеуде екен. 

Ойын шарты әдеттегідей: ойнаушы сары құсты жасыл түтіктердің ортасынан алып шығуы тиіс. Әрбір кедергіні еңсергені үшін қолданушыға бір ұпайдан қосылып отырады.

Бірақ, көпшілік қолданушылар ойнаудың оңай емес екенін, алғашқы 10 ұпайдың өзіне иелік етудің бастапқыда қиын болғанын айтуда.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: tropgeek.com

Л. Лига